Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті

Құқыққорғау органдары


Басшысы: Танекенов Дулат Шамасұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070019, Өскемен қ., Новатор к, 18

Телефоны: 8-7232-52-22-36

Азаматтарды қабылдау: Апта сайын әр бейсенбіде сағат 15.00 -18.00 дейін

Мекеме қызметінің негізгі бағыттары:

Департаменттің және оның бағынысындағы бөлімдер мен басқармалардың жоғары әскери дайындықтарын қадағалау;- жұмылдыру өткізуді орындау жұмыстарын ұйымдастыру;- адам, көлік және материалдық қорын есепке алу және ұйымдастыру;- әскерге шақырылушылар мен әскер жасына дейінгі жастардың есебін жүргізу, әскери қызметке дайындығын жүргізуін қадағалау және әдістемелік көмек көрсету;- азаматтарды шақыру учаскілеріне тіркеу, келісім-шарт бойынша және мерзімді әскери қызметке шақыру, әскери оқу орындарына іріктеу жүргізу және құжаттарын рәсімдеу;- өкілетті органдармен, облыстық қоғамдық бірлестіктермен, соғыс ардагерлерімен бірігіп халыққа патриоттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру;- қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқамаларда қатаң әскери тәртіпті және жеке құрамның психологиялық, моральдық жағдайын қадағалау. 6. Әскери қызметшілерді және әскерге шақырылушыларды әскери тіркеуге алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.Әскери тіркеуге барлық санаттағы азаматтар алынады. Әскери тіркеуге алынбайтындар:1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер;2) әскери қызметтен босатылғандар;3) жазаны өтеп жүрген азаматтар;4) үнемі Қазақстан Республикасынан шет тұратын азаматтар.Азаматтар 18 жасқа толғанда жергілікті әскери басқару органдарында қаңтар - наурыз айлары аралығында алғаш әскери есепке алынады.Әскери қызметшілер заңмен белгіленген шекті жасқа келгенде әскери тіркеуден шығарылады:-запастағы сарбаздар, сержанттар – 45 жас;-офицерлер – 55 жас.

Әскери есепке алынған азаматтар:

1) Белгіленген жерге уақытында келіп, өзімен әскери билетін (уақытша куәлігін), немесе шақыру учаскісіне тіркелуі туралы куәлігін, сонымен қатар жеке куәлігін және жүргізуші куәлігін (бар болса) әкелу керек.2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарынан запасқа шыққаннан кейін тұрғылықты жердегі жергілікті әскери басқару органдарына 7 күн ішінде әскери тіркеуге тіркелуі қажет;3) Жұмыс орынының, лауазымының, білімінің немесе мекен-жайының өзгеруі (аудан, қала ішінде) жайында 7 күндік мерзімде жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери тіркеуді жүзеге асыратын басқа органдарға хабарлауы қажет;4) Мекен-жайын өзгерткен жағдайда әскери тіркеуден шығып, қоныстанған жерде 7 күн ішінде әскери тіркеуге тұруы қажет;5) Әскери билетін (тіркеу куәлігін) жоғалтқан жағдайда 7 күндік мерзімде жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери тіркеуді жүзеге асыратын басқа органдарға хабарлауы қажет.Жергілікті әскери басқару органдары жоқ елді мекендерде әскери тіркеуді ауыл әкімдері, жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақыру.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергілікті толықтыру органдары әскери басқару органдары арқылы ұйымдастырып жүзеге асырады. Азаматтар әскери қызметке шақыруды өткізу үшін жергілікті әскери басқару органдарының бастығы басқаратын шақыру комисссиялары құрылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізіне сүйене отырып мерзімді әскери қызметке шақыру жылына 2 рет өткізіледі.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскер мен әскери құрылымдарды толықтыру үшін мерзімді әскери қызметке 18 – 27 жас аралығындағы (мерзімін ұзартуға құқығы жоқ, шақырылудан босатылмаған) азаматтар шақырылады.Әскери қызметке шақырудың мерзімін ұзартуға аудандық шақыру комиссиясы құқылы.Мерзімді ұзарту келесі себептермен берілуі мүмкін:1) отбасылық жағдайларға байланысты;2) білімін жалғастыруға байланысты;3) денсаулығына байланысты;4) басқа да себептерге байланысты.

Әскери кызметтен бейбітшілік уақытында келесі азаматтар босатылады:

1) әскери қызметті өтеп жүрген немесе өтеген азаматтар;2) денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамсыз азаматтар;3) мерзімді әскери қызметке 27 жасқа толғандықтан шақырылмаған азаматтар;4) әскери қызметті өтеу кезінде туыстарының бірі (әкесі, шешесі, ағасы, апайы) қайтыс болса, 1 немесе 2 топтағы мүгедектік алған жағдайда;5) әскери қызметті басқа мемлекетте өтеген азаматтар;6) ғылыми дәрежесі бар азаматтар.
Келісім-шарт бойынша әскери қызмет.
Келісім-шарт бойынша әскери қызметке кіретін тұлға келесі талаптарға сай болуы керек:1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек;2) 19 жастан жас (курсанттардан басқасы) болмауы және шектеулі жастан аспаған болуы керек.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке келесі тұлғалар қабылданбайды:

1) сот шешімі бойынша қабілеті жоқ немесе қабілеті шектеулі деп танылған азаматтар;2) Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген шектеулерді қабылдаудан бас тартқан азаматтар;3) сотталған, алайда әскери қызметке келген кезде жазасы толығымен өтелмеген немесе соған қатысты қылмыстық іс қозғалған азаматтар;4) 2 жыл бұрын сыбайлас - жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған азаматтар;5) 1 жыл бұрын қасақана қылмыс жасаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтар;6) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылған азаматтар.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 15.04.2016