ШҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі

Құқыққорғау органдары


Басшысы: Қазақпаев Дулат Төлегенұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070019, Өскемен қ., Тәуелсіздік даң.,73/1

Телефоны: 8-7232-77-70-46

Сайты: mvd.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: күнделікті

Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары бөлімшелерінен, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік полициясынан, табиғатты қорғау полициясынан, қабылдау-бөлу орындарынан және арнаулы қабылдау орындарынан тұрады және ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.

ЖПҚ міндеттері:
1. құқық бұзушылықтар профилактикасы;
2. қоғамдық тәртіпті сақтау;
3. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4. әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;
5. қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
6. қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
7. ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу және арнайы қабылдау орындарында адамдарды ұстау;
8. ЖПҚ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері алдында қоятын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де міндеттер.


ЖПҚ функциялары:
1. құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
2. қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады;
3. жол жүрісін және оның қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4. әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
5. қылмыстық теріс қылықтарды тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
6. әкімшілік қамауға алынған және белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдауды және ұстау жағдайын қамтамасыз етеді;
7. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 388-V ҚРЗ

  "Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы



Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 02.12.2016