Сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ШҚО бойынша департаменті

Құқыққорғау органдары


Басшысы: Потанин Сергей Александрович

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070000, Өскемен қ., Лихарев к-сі, 40

Телефоны: 8-7232-29-88-02

Сайты: anticorruption.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: күнделікті, жұмыс уақытында

Департаменттің негізгі міндеттері:

1)  жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2)  сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

3)  сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу, анықтау жолын кесу, ашу және тергеу.

Департамент функциялары:

 

1)      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2)      Қазақстан Республикасының Президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық баяндаманы дайындауға қатысу;

3)      қылмыстық құқықбұзушылық туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;

4)      сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, оның ішінде алдын ала тергеу, анықтау және хаттамалық нысанда жүргізу;

5)      қылмыстық процесске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6)      жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

7)      тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынып жүрген іздеудегі адамдардың тұратын жерін анықтау және ұстау;

8)      сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық саланың криминогендік жағдайын талдау;

9)      басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан келіп түскен өтініштерді және сұрау салуларды орындау;

10) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша органдармен, ұйымдармен өз құқыреті шегінде өзара іс-қимыл жасау.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының бірегей қысқа телефон нөмірі 1424  (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін).  

 

 Call-центрдің негізгі функциялары:

 

 -     сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру;

-     сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау туралы деректер бойынша арыз-шағымдарды қабылдау;

-     білікті құқықтық көмек көрсету;

-     азаматтардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру.

 Осындай жұмыс Департаментте тәулік бойы жұмыс атқаратын Кезекші бөлімге жүктелген, телефон нөмірі 8 7232 29-88-88.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 24.03.2016 / 08.11.2016