Облыс әкімінің бiрiншi орынбасары

Лауазымы: Облыс әкімінің орынбасары

Аймұқашев Ерлан Қапарұлы

 Аймұқашев Ерлан Қапарұлы 1970 жылы 18 наурызда Павлодар қ. туған. Қазақ. Мамандығы жоғары. Үйленген.

1998-2000 жылдары Павлодар облысы әкімі істері басқармасының бас маманы.
2000-2001 жылдары Павлодар облысы әкімінің істер басқармасының хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
2001-2002 жылдары Павлодар облыстық туризм және спорт департаментінің бастығы.
2003-2007 жылдары Қазақстан Премьер-министрінің көмекшісі болған.
2012-2012 жылдары Мәскеуде Энергетика және инфрақұрылым бойынша Коллегия мүшесі (Министрінің) хатшылығының басшысы міндетін    атқарушы.
2012-2014 жылдары Энергетика және инфрақұрылым бойынша Коллегия мүшесі (Министрінің) хатшылығының басшысы, (Мәскеу қаласы).
2015-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысы міндетін атқарған.
2016 -2017 жылдары  Өскемен қаласының әкімі.
2018 жылдың ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.

 

Лауазымдық міндеттері

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды (жобаларды іске асыру барысына мониторинг және бақылау жүргізу, объектілерді уақытында пайдалануға енгізу мен жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету, Индустрияландыру картасына енгізу үшін жобалар іздестіру және іріктеу,  Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру), «Бизнестің жол картасы 2020», инвестциялар тарту бойынша бизнесті қолдау және дамытуды үйлестіреді.

Жобалық басқаруды енгізу бойынша өңірлік штаб кураторы болып табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар  жұмысының мониторингін, олардың қызмет тиімділігін талдау және өндірісті өсірудің қолда бар резервтері мен өңірдің экспорттық әлеуетін анықтауды қамтамасыз етеді.  

Өңірдің өндірістік және инновациялық әлеуетін аумақтық ұйымдастыру, өндірістің энергия тиімділігі, технологияларды жаңарту және трансферті мәселелерін есепке алып, өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы және инновациялық белсенділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады.

Қолданыстағы заңнаманың шеңберінде, жер учаскелерін бөлу, жер қойнауын пайдалануға құқықтар беру, инфрақұрылыммен, қажетті қаржы құралдарымен қамтамасыз ету, инновациялар мен озық технологияларды енгізу, өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық әзірлемелерін жедел игеру үшін техникалық және консультативтік көмек көрсету мәселелерін шешуді қоса, жобаларды іске асыру үшін жағдайлар туғызу бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Мынадай мәселелерді үйлестіреді:

индустриялық-инновациялық салада, жобаларды іске асыруға, оның ішінде өңірдің шикізаттық қорларын тиімді игеру және оларды  терең өңдеу бойынша жаңа өндірістер құру мақсатында инвесторларды тартуда шетелдер мен халықаралық және шекарамаңындағы ынтымақтастық; 

туризмді, туризм инфрақұрылымын дамыту, туристік салаға инвестициялар, оның ішінде  шетелдік инвестициялар  тарту;

кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-қауымдастықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын, әкімшілік кедергілерді азайтуды, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру;

отандық тауарөндірушілердің  (қазақстандық қамту) өнімдерін ұлттық компаниялар мен жүйеқұраушы кәсіпорындардың сатып алу көлемінде ұлғайту;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруы;

органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғау қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді орындауы;

Өңір аумағындағы индустриялық аймақтардың, бизнесті дамыту аймақтарының, технопарктің мониторинг жүргізу және үйлестіруді ұйымдастырады, инновациялар мен жаңа технологиялар жөніндегі кеңестің, индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастырады.

Облыс әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі келісім-шарттарға, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңарту және жөндеу) кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру рұқсатына қол қояды. 

Кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сарапшы кеңеске басшылық етеді.

Өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі арасында қол қойылған меморандумның негізгі мақсатты индикаторларының орындалуын ұйымдастырады.

Шығыс Қазақстан облысы терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының басшысы болып табылады және оның қызметін ұйымдастырады.

Облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму, туризм және сыртқы байланыстар басқармаларының жұмысын үйлестіреді.

Құқыққорғау органдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді, қылмыстың алдын алу, соның ішінде алдын алу субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі жедел жұмысты үйлестіреді.

Функционалдық міндеттеріне сәйкес: республикалық деңгейде - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен, Инвестициялар және даму, ұлттық экономика, энергетика, сыртқы істер министрліктерімен, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен, басқа орталық мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктері және консульдықтарымен, «Самұрық Қазына Ұлттық Әл-ауқат қоры», «Қазагро» Ұлттық басқару холдингі», «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамдарымен және өзге де ұлттық холдингтер, даму институттары және ұлттық компаниялармен; 

өңірлік  деңгейде - облыстық прокуратурамен, Ішкі істер, Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және  метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Шығысқазжерқойнаулары» өңіраралық департаментімен, «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы»  акционерлік қоғамымен,  банктермен, шағын және орта бизнес субъектілерімен, өнеркәсіп кәсіпорындарымен, «Казахинвест» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан филиалымен шетелдік инвестиция тарту бөлігінде  өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Жетекшілік ететін салалар бойынша:

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының сапалы және толық орындалуының;

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Облыс аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының;

облыстың, облыстың аудандары мен қалалары әкімдіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын ішкіөңірлік талдау көрсеткіштеріне,

республикалық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды қамтамасыз етеді.

Әкімдік қабылдаған қаулылардың, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салаларда мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастыру-өкімдік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты болады.

Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша қалалық және аудандық әкімдіктердің қызметін үйлестіреді. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салаларында  цифрландыруды енгізеді.

Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді.

 

  Қабылдау телефоны: 71-31-09
  Е-mail: chancellery@akimvko.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.12.2011 / 06.06.2019