Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Барсукова Виктория Александровна

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070019, Өскемен қ., Қазақстан к. 59/1

Телефоны: 8-7232-70-18-06

Азаматтарды қабылдау: Әр бейсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ жер қатынастарын реттеу қызметтерін орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ «Облыстық мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы» «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ «Облыстық мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы» 2015 жылғы 6 мамырдағы № 113 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес құрылған. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Жер кодекісіне, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, әкімдіктің, облыс әкімінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтік актілерге, сондай-ақ мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) жергілікті деңгейде жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау;
2) облыстық атқарушы органдарының құзыретіне жататын жерді беру және қайтарып алу құжаттарын дайындау;
3) жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын жоғарылату, жер ресурстарын қорғау бағдарламаларын жасау.

 «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары:


1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
6) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
7) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
9) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
12) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
14) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
17) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
18) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру;
19) облыстың жергiлiктi атқарушы органының аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың  шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсыну жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
20)  облыстың жергiлiктi атқарушы органының ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
21) облыстың жергiлiктi атқарушы органының Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
22) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
23) облыстың жергiлiктi атқарушы органының орман қоры жерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
24) облыстың жергiлiктi атқарушы органының Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
25) облыстың жергiлiктi атқарушы органының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды орталық уәкілетті органның келісуіне ұсыну жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
26) облыстың жергiлiктi өкілдік және атқарушы органдарының облыс орталықтарында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi жеке меншiкке берілген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
27) облыстың жергiлiктi өкілдік және атқарушы органдарының облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын (шегiн) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсiм бойынша белгiлеу және өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
28) облыстың жергiлiктi өкілдік және атқарушы органдарының аудандық маңызы бар қалалардың шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін  өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру болып табылады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 28.12.2016