Ветеринария басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: М.а. Шынтеміров Асқар Мұратқанұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070004, Өскемен қ., Пермитина к., 23

Телефоны: 8-7232-71-07-01

Сайты: vetvko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: сейсенбі күні 16-00 18-00 дейін

Басқарма құрылымы:

- басшылық;

- ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік бөлімі;

- эпизотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу бөлімі;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және жұқпалы емес аурулар бөлімі;

-қаржы-құқықтық және кадр жұмысы бөлімі;

 Ветеринария басқармасының негізгі міндеттері:

- жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

- халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

- ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерден аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

- ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;

- жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;

- жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

- ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

Басқармада Стандарттарға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 244 қаулысымен бекітілген, ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері дайындалды:

- «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»

- «Ветеринариялық анықтама беру»

- «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру»

- «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»

- «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»

- «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»

Басқарма арқылы өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру бойынша және ветеринария саласындағы қызмет үшін лицензия беру мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.03.2015 / 14.09.2017