Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: М.а. Шорабай Фархат Алпысбайұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070019, Өскемен қ., Казахстан к., 27

Телефоны: 8-7232-57-84-55

Сайты: depstroy.vko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: Айыдың әр сәрсенбісі мен жұма күндері сағат 16-00- ден 18-00- ге дейін

Департаменттің негізгі міндеттері мен қызметі:

  1. облыс аумағында мақсатты құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыру.
  2. облыс аумағындағы барлық құрылыс кешендерінің қызметін бақылау, толық құрылыс және құрылыс материалдарының өндірісі базасын дамыту бойынша әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды дайындау мен келісуде қатысу, жаңа тұрғын үй бағдарламасы саясатын жүзеге асыруды дайындау,құрылыс, күрделі жөндеу, қайта құруды ұйымдастыруда бюджеттік саланың қажеттілігін қамтамасыз ету.
  3. Құрылыс базасын салу және қайта құру саласында өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру.

Басқарманың негізгі міндеттері:

  1. тұрғын үй құрылысын және сейсмикалық нығайтуды дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
  2. облыстың, қалалар мен аудандардың әлеуметтік экономикалық дамуының жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
  3. әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық және тұрғын үй-коммуналдық маңыздағы нысандар салу және қайта құру.
  4. Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  5. пайдалануға берілетін нысандарды (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  6. Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектілерге және кешендерге мониторинг жүргізу;
  7. коммуналдық меншіктегі тазарту құрылыстарын салу мен пайдалануды ұйымдастыру;
  8. облыстық коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени маңыздағы объектілерді салу, қайта құру және жөндеу бойынша тапсырысшы болады;
  9. әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша жергілікті маңыздағы нысандарды құруға (аумақтарды салуға) қала құрылысы және басқа да жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды қарастыру және бекіту;
  10. бейбіт және соғыс уақытында облыстық инженерлік қызметтермен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардағы арнаулы іс-шараларды орындау;
  11. Басқарма өзіне жүктелген міндеттерден туындайтын және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін, сондай-ақ облыс әкімдігі оған арнайы жүктеген басқа да функцияларды орындайды.

Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және міндеттерін орындау кезінде мынадай құқықтарға ие:

  1. коммуналдық меншіктегі құрылыс нысандарының жұмыстарын жетілдіру және жақсарту жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды облыс әкімдігінің қарауына енгізу;
  2. Басқарма өзі мемлекеттік органы болып табылатын ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді жүзеге асыру;
  3. Басқарма Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынан туындайтын басқа да құқықтарды пайдаланады.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 16.01.2014