Ауыл шаруашылық басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Негізгі қызмет түрі

1) Аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және соның негізінде агроөнеркәсіп кешені дамуының болашағы мен үрдістерін айқындау;
2) нарықтық инфрақұрылымның және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымдарының қалыптасуына, бірыңғай қаржылық- инвестициялық саясатты жүргізуге ықпал ету;
3) ақпараттық маркетингтік қамтуды, облыс және республика өңірлері бойынша нарықтық жағдайды, ауыл шаруашылық өнімдерін және оның өңдеуден өткен өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндіктерін зерделеуді ұйымдастыру;
4) агроөнеркәсіп кешені салалары дамуының облыстық бағдарламаларын әзірлеу, облыстық бюджеттің жобасын әзірлеуде ұсыныстар енгізу;
5) ауыл шаруашылық құрылымдарын, тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындарын қайта құрылымдау және қаржылай сауықтыру шараларын жүзеге асыру;
6) тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен және сауда-жабдықтау ұйымдарымен бірге шаруашылықаралық бірігуін дамытуға және жетілдіруге ықпал ету;
7) ауыл шаруашылық ресурстарын кешенді түрде пайдалану, өндірістік өнімнің жаңа түрлерін игеру, құрал-жабдықтарды жаңғырту, инвестициялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыруға қатысу бойынша іс-шараларды әзірлеу;
8) агроөнеркәсіп кешенін техникалық қайта жабдықтау, лизинг бойынша ауыл шаруашылық техникасын және технологиялық құрал-жабдықтар жеткізу мәселелеріне қатысу.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 15.12.2011