Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Лауазымы: Басқарма басшысы

Мұрат Манарбекович Құсаинов

1969 жылы 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған.

Ұлты – қазақ. Білімі жоғары, 1) 1992 жыл - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық интитуты; 2) 1996 жыл - Лениногор орман колледжі; 3) 2016 жыл - Қазақстан - Американдық еркін университеті, мамандығы бойынша 1) тау кен инженері; 2) орман шаруашылығы технигі; 3) мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 1985 жылдан Ұлан ауданы Асу Бұлақ кентіндегі Аюда орман шаруашылығында бастаған.

1986-1992 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетінде пайдалы кен орындарын жер астында қазудың технологиясы және оны комплексті механикаландыру мамандығы бойынша оқып, тау-кен инженері мамандығын алған.

1993 – 1996 жылдары Лениногор орман колледжінде орман шаруашылығы мамандығы бойынша оқып, техник-орман өсіруші біліктілігін алған.

 1991-1993 жылдары Белогорск тау-кен байыту комбинатында  «Юбилейный» руднигінің жерасты учаскесінде тазартпа кенжар жұмысшысы, тау-кен  мастері болып жұмыс істеген.

1993 – 1999 жылдары кейіннен Асу Бұлақ орман шаруашылығы деп аталған   Боровой өндірістік орман шаруашылығы кәсіпорынында орман күзетшісі, кейін орман шаруашылығының инженері, орман күзетшісі, бас орман күзетшісі ретінде жұмыс істеген.

1999 – 2015 жылдары Асу Бұлақ орман шаруашылығы директоры болған.

2015 жылғы  қарашадан 2017 жылғы қарашаға дейін  ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы болып қызмет еткен.

2017 жылғы қарашадан 208 жылғы қарашаға дейін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болып  қызмет атқарған.

2018 жылғы 29 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің № 194-к өкімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Үйленген, екі қыз бен ұл тәрбиелеуде.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Лауазымдық міндеттері

3.1. Басқармаға жалпы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ басқарма қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді және жүргізуді ұйымдастырады, оның құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
3.2. Облыс аумағында табиғат ресурстарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, басқарма қызметінің саласына жататын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар кешеніне басшылықты жүзеге асырады;
3.3. Бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде басқарманың штаттық кестесін бекітеді;
3.4. Өмірге және денсаулыққа қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын орнатуды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын қамтамасыз етеді;
3.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
3.6. Ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
3.7. Мемлекеттік мекемені білікті кадрлармен қамтамасыз ету, кәсіби білім мен тәжірибені дамыту және тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдайды;
3.8. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, жиындарға, семинарларға және кеңестерге қатысады;
3.9. Әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде еңбек ұжымымен ұжымдық келісімшарт жасайды;
3.10. Мемлекеттік мүліктерді сақтау және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
3.11.Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

  Местоположение: 4 этаж, 401 кабинет
  Қабылдау телефоны: 57-94-68
  Факс: 26-14-56

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 05.12.2018