Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Нұрғалиев Медет Нұрмолдаұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , Өскемен қ., К. Либкнехта , 19

Телефоны: 8-7232-57-94-68

Сайты: www.e-priroda.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: әр айдың 3-ші жұмасы 14.00-ден 16.00-ге дейін

Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) табиғи ресурстарды қорғау саласында, табиғат қорғау және экологиялық заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз ету;

2) орман және аңшылық ресурстарын, су обьектілерінмемлекеттік реттеу және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;

3) орман, су және аңшылық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

4) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктер, жануарлар әлемінің тұрпатты, бірегей және сирек кездесетін ландшафттарының биологиялық әртүрлілігін сақтау.

Басқарма өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленгентәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніндегі іс-шараларды қарастыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар мен өзге де құжаттардың әзірленуін және олардың тиісті аумақтарда іске асырылуын ұйымдастырады;
2)  шаруашылық қызмет объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастырады және жүргізеді;
3) мемлекеттік экологиялық қорытындылар мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың негізінде кәсіпорындардың, имараттардың және өзге де объектілердің құрылысын салуға немесе қайта жаңғыртуға тыйым салады немесе рұқсат береді;  
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы құжаттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, осындай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына тапсырады;
5) сараптама жұмыстарын жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге арналған лицензиясы бар сырттан сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) тартады;
6) өзінің құзыреті шегінде қоршаған ортаның мақсатты сапа көрсеткіштерін әзірлейді;
7) қалдықтарды басқару бойынша бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
8) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру бойынша объектілер құрылысына жер учаскелерін бөледі;
9) қалдықтардан арылту және орналастыру бойынша объектілердің құрылысын салуды қамтамасыз етеді;
10) коммуналдық қалдықтармен айналысқан кезде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
11) қалдықтардың пайда болу көлеміне бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемін азайтуға, оларды қайталап немесе балама пайдалану деңгейін арттыруға және көмуге жатқызылатын қалдықтардың көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық ынталандыруларды әзірлейді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;
13) тиісті аумақтардағы табиғи объектілердің жағдайы туралы тұрғындарға хабарлап отыруды жүзеге асырады;
14) уәкілетті органмен келісім бойынша орман қорын қорғау, күзету және пайдалану, ормандарды молықтыру және ормандарды өсіру бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
15)орманды қорғау, күзету, молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, функционалдық қарауына жататын мемлекеттік орман қорының аумағында орман пайдалануды реттейді;
16) мемлекеттік орман қорының аумағындағы орман өрттерінің алдын алу жәнеоларменкүрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарын зірлейді және іске асырады;
17) орманөрттерін өшіру үшін жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өртсөндіру техникасын, көліктеріменбасқадақұралдарын тарту тәртібін  анықтау бойынша ұсыныстар енгізеді;
18) ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасына сәйкесқоғамдықөрт
сөндіру бірлестіктерінің жұмыс істеуіне ықпал етеді;
19) ормандардағы өрт қауіптілігі жоғары маусымда мемлекеттікорман қорының аумағындағыөрттердіөшіругеарналғанжанар-жағармай материалдарының қорын құрады;
20) шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының
орман қорымен іргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы егістіктерінде, жайылым және шабындық жерлерде сабанның түбін, күнжара,орылған  егістіктердің және өзге де шөптесін өсімдіктердің қалдықтарын өртеуіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
21) өртке қарсы насихатты ұйымдастырады, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау туралы мәселелерді жүйелі түрде жариялап тұрады;
22) қажет болған жағдайда осы мақсаттар үшін арнайыкомиссиялар құра отырып бекітілгенаумақтарда орманөрттерімен күрес бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
23) орман қорының аумағында орман зиянкестерімен жәнеауруларымен күрес және олардың санитарлық жай-күйін жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
24) мемлекеттік орманқорының аумағында, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық іс-шараларды жүргізген кезде, сондай-ақ ормандағы  өрт қауіптілігіжоғары кезеңдерде жекетұлғалардың болуына тыйым салу  туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдау бойынша ұсыныстар енгізеді;
25) уәкілетті органға тапсыру үшін өзінің функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттікорман
кадастры, мемлекеттік орман мониторингі жөнінде материалдарды әзірлейді;
26) өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қорыныңучаскелерінде және орман шаруашылық іс-шараларын жүргізу нәтижесінде аяқталғанобъектілердіөндірілген дайын өнімдерді қабылдауды ұйымдастырады;
27) уәкілетті органның және облыстық атқарушы және өкілетті органдардың қатысуымен өздерініңфункционалдыққарауындағымемлекеттікорманқорының учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендерлер ұйымдастырады және өткізеді;
28) жануарлар әлемін қорғау, молықтыру және пайдалану жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
29) жануарлар әлемін қорғау,  молықтыру және пайдалану саласындағы
ведомстволық қарасты  ұйымдардың қызметін үйлестіруді және бақылау жасауды жүзеге асырады; 
30) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейді;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жануарлар әлемін пайдаланушыларға аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
32) бассейндік су шаруашылығы басқармасымен, тұрғындардың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау және белгілеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
33) су қорын пайдалану мен қорғау және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
34) бассейндіккеңестердің жұмысынажәне бассейндіккелісімдерге қатысады;
35) суды ұтымды пайдалану және су объектілерін қорғау жөніндегі бассейндік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады;
36) судың жағдайына әсерететін кәсіпорындар мен басқа да имараттарды орналастыруды және пайдалануға беруді, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде түбін тереңдету құрылысы және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келіседі;
37) тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің жағдайы туралы халыққа хабарлап тұруды жүзеге асырады;
38) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын әзірлейді;
39) су пайдаланушылар арасында суды пайдалану лимиттерін бөлуді жүзеге асырады;
40) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлесіп барлауға және өндіруге келісім-шарттарды жасасуды, тіркеуді және орындалуын жүргізеді;
41) келісім-шарттарды жасау кезінде облыс тұрғындарының әлеуметтік – экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтауға байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушылармен болатын келіссөздерге қатысады;
42) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізеді;
43) табиғат пайдаланушыларға ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат береді.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 03.11.2015