ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Лауазымы: Басқарма басшысы

Шұрманов Ержан Айткенұлы

1981 жылы 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы Волчанка ауылында дүниеге келген.

2002 жылы Қазақ қаржы-экономикалық  институтын, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 

Еңбек жолы:

2003-2004 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Шемонаиха ауданы бойынша Салық комитеті салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің, жеке тұлғалардан ақпаратты қабылдау және өңдеу секторының бас салық инспекторы, салық есептерін  тіркеу, қабылдау және өңдеу бөлімі жеке кәсіпкерлердің салық есептерін тіркеу және өңдеу секторының  бастығы;

2004 ж. - Шемонаиха ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және бақылау бөлімінің жетекші маманы;

2004-2005 жж. - Шемонаиха ауданы әкімінің көмекшісі;

2005-2008 жж. - Шемонаиха қаласы әкімінің орынбасары;

2008-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының магистранты;

2009-2010 жж. - Шемонаиха қаласы әкімі орынбасары;

2010-2012 жж. – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімі орынбасары;

2012-2013 жж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі меңгерушісі;

2013-2015 жж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы;

2015-2018 жж. – Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы;

2018 жылғы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері

Басқармадағы жалпы басшылықты жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту салалары бойынша мемлекеттік саясатты жүргізуді және  іске асыруды қамтамасыз етеді,  қазақстандық индустриялық-инновациялық даму саласындағы,  өнеркәсіп, инвестициялар тарту, жер қойнауын пайдалануды  қамтиды және саудалайды. «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста ұсынады. Заңнамаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады және қызметкерлерді заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады. Ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке олардың тәжірибесіне, қабілетіне және кәсіби даярлығына сәйкес тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша жұмыс тобының сарапшы, конкурстық комиссия төрағасы болып табылады. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мүшесі болып табылады. Жеке және заңды тұлғаларға жеке қабылдаулар жүргізеді. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  Қабылдау телефоны: 71-31-21, 26-38-71

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 04.09.2018