ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Мусапірбеков Мақсат Тұрсынғазыұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , Өскемен қ., Горький к., 40

Телефоны: 8-7232-71-31-21, 26-38-71

Сайты: upiir.vko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: апта сайын сәрсенбіде сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» міндеттері:

1) қолданыстағы заңнамада белгіленген шекте жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі, индустриялық-инновациялық дамыту, өнеркәсіп, сауда саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) экономиканың басым секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Жүктелген міндеттерін іске асыру үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

15. Функциялары:

1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;

2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;

3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;

4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

5) сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастырады;

6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

7) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты Шығыс Қазақстан облысы аумағында қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

8) өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлікті қолдау картасын әзірлейді;

9) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;

10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуындағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға береді;

11) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат береді;

12) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысады;

13) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;

14) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға  шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

15) Шығыс Қазақстан облысы аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асырады, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу мақсатында құзыретті органға тоқсан сайын ұсынылады;

16) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;

17) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындайды;

18) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

19) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;

20) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 37-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру жөнінде ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркейді;

21) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;
          22) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат береді;
          23) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;

24) жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдеседі;

25) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

26) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;

27) техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізуді қамтамасыз етеді;

28) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;

29) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;

30) Шығыс Қазақстан облысы аумағында сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

31) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;

32) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;

33) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

34) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

35) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет құжаттарды, ақпарат пен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұрау және алу;

2) басымдықтарды, тұжырымдамаларды, нормативтік материалдарды, мақсатты бағдарламаларды, талдау шолулары мен болжамдарды әзірлеуге қатысу үшін қажетті жағдайларда ғылыми қызметкерлер мен мамандарды  тарту;

3) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлік құрамындағы акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 14.07.2016