Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Шаймарданов Айдын Жомартұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070019, Өскемен қ., Қ. Қайсенова к., 121

Телефоны: 8-7232-70-59-93

Сайты: til.vko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: дүйсенбі 15.00-ден 18.00 дейін

1. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырады, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес тілдерді дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік атқарушы органдардың іс-әрекеттерін үйлестіруші уәкілетті орган болып табылады.
2. “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңының, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының облыстың атқарушы мемлекеттік органдарында орындалуының іске асуы мен үйлестірілуін қамтамасыз етеді.
3. Тілдерді дамыту саласында ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігіне бағытталған, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге арналған шараларды іске асырады.
4. Мемлекеттік және басқа ұлт тілдерінің қолдану саласын кеңейту бойынша  бағдарламалар  жасайды, тіларалық қатынасты саласындағы мемлекет саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырады.
5. Орыс, ағылшын және Қазақстан халықтарының басқа тілдерінің үйлесімді дамуы үшін жағдай жасауға жәрдемдеседі.
6. Облыстық ономастикалық комиссияның іс-әрекетін қамтамасыз етеді, сондай-ақ облыстың ономастикалық ісіне талдау жүргізеді.
7. Шығармашылық одақтармен, ұлттық - мәдени орталықтармен, басқа қоғамдық бірлестіктермен тіл жөніндегі заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша өзара әрекеттеседі.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 12.02.2015