Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Лауазымы: Басқарма басшысы

Чукаев Сейсенгазы Жумагалиевич

1966 жылы 17 маусымда туған, қазақ, Семей облысы Үржар ауданы Ново-Троицк ауылының тумасы. Білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте 25 жыл жұмыс істейді.

Еңбек жолы:
1983-1984 жж. - Тасбұлақ совхозының № 3 фермасында жұмысшы 
1984-1986 жж. - Кеңес Армиясы және Әскери-Теңіз флоты қатарында қызмет
1986-1990 жж. - Тасбұлақ совхозының № 3 фермасында жұмысшы 
1990-1995 жж. - Үржар ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы (уақытша), аға салық инспекторы, бөлім бастығы
1995-1997 жж. - Абралы ауданы бойынша салық инспекциясының бастығы 
1997-2002 жж. - Жарма ауданы бойынша салық бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Жарма ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы 
2002-2004 жж. - ШҚО бойынша салық комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, ШҚО бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары
2004 ж - Өскемен қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары 
2004-2007 жж - Үржар ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы 
2007-2011жж. - Үржар ауданы әкімінің орынбасары
2011-2015 жж. - ШҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі 
2015 -2018 жж. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі

2018 жылдың маусымынан бастап жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Марапаттары:
«ҚР Конституциясына 10 жыл»,  «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «ҚР Салық қызметінің 20-жылдығы»,   «ҚР қаржы жүйесінің 90-жылдығы» кеуде белгілерімен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, ҚР мемлекеттік кірістер Министрінің құрмет грамотасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, ШҚО Жарма ауданы әкімінің, Үржар ауданы әкімінің грамоталарымен наградталды.

Лауазымдық міндеттері

3.1. Басқармаға жалпы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ басқарма қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді және жүргізуді ұйымдастырады, оның құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды.
3.2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың қадағалауын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, жер телімдерін пайдалану ережелерін қадағалау және жерлерді ұтымды пайдалану және қорғау бойынша іс-шараларды орындау бойынша жұмысты үйлестіреді.
3.3. Бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде басқарманың штаттық кестесін бекітеді.
3.4. Өмірге және денсаулыққа қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын орнатуды, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының сақталуын қамтамасыз етеді.
3.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады.
3.6. Ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
3.7. Мемлекеттік мекемені білікті кадрлармен қамтамасыз ету, кәсіби білім мен тәжірибені дамыту және тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдайды.
3.8. Барлық бөлімдердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін икемді және жедел мемлекеттік қызмет көрсетуді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
3.9. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, жиындарға, семинарларға және кеңестерге қатысады.
3.10. Әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде еңбек ұжымымен ұжымдық келісімшарт жасайды.
3.11. Мемлекеттік мүліктерді сақтау және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
3.12. Жерді пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің сәйкес стандарттары мен регламенттерін сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді.
3.13. Заңнамаға  сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

  Қабылдау телефоны: 22-63-73

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 19.09.2013 / 21.06.2018