Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Жакаев Серикжан Ануарбекович

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070000, Өскемен қ-сы, Ворошилова к., 152

Телефоны: 8-7232-22-63-73

Сайты:

Азаматтарды қабылдау: айдың әр екінші және төртінші бейсенбісі 9.30-дан 13.00-ге және 15.00-ден -18.00-ге дейін.

«Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мелекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысында жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік  бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.                                         

«Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мелекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпанда № 22 «Мемлекеттік мекемені құру туралы» қаулысына сай құрылған.                                                                        

Басқарма өз қызметін ҚР Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және мемлекеттік мекеме туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1)   Мемлекеттік оргадардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың  ҚР жер заңнамасын сақталуын қамтамасыз ету;

2)   ҚР заңнамасының бұзылуын анықтау және жою;

3)   Азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру;

4)   Жер учаскелерін пайдалану ережелерінің сақталуын және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шалардың орындалуын қамтамасыз ету.

Функциялары

1)  Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің , ұйымдар мен азаматтардың ҚР жер заңнамасын, жер учаскелерін нысананалы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;                                                             

2)   жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуге;                                            

3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;                                                                                                                         

4) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық , агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шалалар кешенін уақытында және дұрыс жүргізуіне;                                                                                                  

5) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің бар-жоғы, олардың жай –күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы беруіне;                                                                                            

6) жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын жай және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;                                                              

7) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуын туғызатын басқа да процестердің салдарын болғызбау мен жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;                                                         

8) азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы  өтініштерін (өтінішхаттарын)  қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;                                 

9) межелік белгілердің сақталуына;                                                                                    

10) жергілікті атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердің уақтылы қайтарылуына;                                                                                                                  

11) бүлінген жердің қалпына келтірілуіне;                                                                        

12) жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;         

13) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына және ҚР заңнамасымен қарастырылған өзге де мәселелер бойынша Басқарма мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 07.02.2013 / 26.05.2015