Діни істер басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Әшімов Бейбіт Қуанышбайұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , Өскемен қ., Карл Либкнехт к-сі, 19

Телефоны: 8-7232-70-29-34

Сайты: dinvko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: әр айдың сейсенбі күндері, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

Миссиясы:

«Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді және діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.

Негізгі міндеттері:

1) діни ахуалды талдау және мониторинг жасау және дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

2) конфессияаралық келісімді және мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара қарым қатынасын нығайту, дін саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының орындалуына бақылау жүргізу;

3) Шығыс Қазақстан облысы аумағында дін мәселелерін зерттеу.

Негізгі функциялары:

1) өңірдегі діни ахуалды зерттеу және оған талдау жүргізу;

2) діни бірлестіктер, миссионерлер, білім берудің рухани (діни) ұйымдарының қызметін зерделеуді және талдауды жүргізу;

3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни  қызмет және  діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды  тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;

6) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер  туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау;

7) өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

8) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу бойынша ұсыныстар енгізу;

9) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы ұсыныс енгізу;

10) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;

11) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізу, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Заңының 489, 490 баптарымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру;

12) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 26.12.2016