Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Азамат Маратұлы Мухамедчинов

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070019, Өскемен қ., Қазақстан к. 59/1

Телефоны: 8-7232-702-504

Сайты: cultura-arhiv.vko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: Сәрсенбі сағ.16.00-ден 18.00-ге дейін

Басқарма қызметінің негізгі бағыттары: 

мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құруына, қайта ұйымдастыруына және таратуына бастама жасайды, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөнінде облыстың мемлекеттік мәдени ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыс мекемелерінің мәдениет саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;

шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

облыстың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ол туралы ережені бекітуін ұйымдастырады;

облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк бередi;

талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;

облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

облыстың аумағында мұрағат ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады;

облыстың мемлекеттік мұрағаттарының сақтауына қабылданған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастырады;

облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

облыстың коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғауды жүзеге асырады, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;

құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастырады;

облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасауды және бақылау жасауды жүзеге асырады;

жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастырады;

сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекітеді;

ұлттық мұрағат қорын және құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдаланылуын ұйымдастырады ;

республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және пайдалануды жүзеге асырады;

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 23.06.2016