Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы

Лауазымы: Басқарма басшысы

Қизатов Бақытбек Құрманбекұлы

1962 жылы 16 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

1980-1985жж. В.П.Горячкин атындағы ауылшаруашылық өндірісі инженерлерінің институтын бітірген. Мамандығы инженер-механик.
1985 жылы Мәскеу институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын Қазақ КСР-нің  ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жабдықтаудың мемлекеттік комитеті жүйесінде бастаған.
1988-1990жж. әскер қатарында  борышын өтеген.
1990-1996жж. ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жабдықтаудың ШҚО базасының аға инженері қызметін атқарған.
1999 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қаржы және несие мамандығын сырттай бітірген.
2001 жылы наурыз айында конкурстық негізде Департаменттің директоры лауазымына тағайындалған.
Отбасылы, екі баласы бар.
Қабылдау күндері: әр айдың екінші және төртінші бейсенбі күндері сағат 14.00-16.00.
Телефон: 8(7232) 75-15-33
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 32 үй

Лауазымдық міндеттері

3.1. Басқармаға жалпы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ басқарма қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді және жүргізуді ұйымдастырады, оның құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
3.2. Облыс аумағында еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты, басқарма қызметінің саласына жататын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Мемлекеттік бағдарламаларды  іске асыруды қамтамасыз етеді;
3.3. Бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде басқарманың штаттық кестесін бекітеді;
3.4. Өмірге және денсаулыққа қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын орнатуды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын қамтамасыз етеді;
3.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
3.6. Ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
3.7. Мемлекеттік мекемені білікті кадрлармен қамтамасыз ету, кәсіби білім мен тәжірибені дамыту және тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдайды;
3.8. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, жиындарға, семинарларға және кеңестерге қатысады;
3.9. Әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде еңбек ұжымымен ұжымдық келісімшарт жасайды;
3.10. Мемлекеттік мүліктерді сақтау және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
3.11.Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

  Қабылдау телефоны: 25-24-84
  Е-mail: enbek-i@akimvko.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 16.03.2018