Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Қизатов Бақытбек Құрманбекұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , Өскемен қ-сы, К.Либкнехт к, 19.

Телефоны: 8-7232-25-24-84

Сайты: www.enbek-i.vko.gov.kz

E-mail: enbek-i@akimvko.gov.kz

Виртуалды қабылдау бөлмесі

 

Басқарма басшылығымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

 

А.Ж.Т.

лауазымы

қабылдау күндері

Қизатов

Бақытбек Құрманбекұлы

басқарма басшысы

апта сайын сәрсенбі күні сағ.10.00-13.00 дейін

Әбілқайыров

Қайрат Қадырманапұлы

басшының орынбасары

апта сайын жұма күні сағ.09.00-13.00 дейін

Басқарманың міндеті:

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру

Басқарма қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1.  Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  2.  жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
  3.  өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  4.  еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
  5.  жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
  6.  өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
  7.  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
  8.  жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
  9.  өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
  10.  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлейдi және бекiтедi;
  11.  еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
  12.  еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
  13.  еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;
  14.  жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады;
  15.  еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  16.  жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың құрылымы

  1. Еңбек қатынастарын бақылау бөлімі;
  2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімі;
  3. Әлеуметтік саладағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімі;
  4. Тау-кен –металлургия саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімі;
  5. Ақпараттық – талдамалық қамтамасыз ету бөлімі;
  6. Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі;
  7. Риддер қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі;
  8. Бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру-кадрлармен қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімі.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары: Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Алтай, Аягөз, Жарма аудандарында орналасқан.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 10.04.2019