Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Гариков Димитрий Александрович

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , Өскемен қ.,

Телефоны: 8-7232-24-79-55

Сайты:

Азаматтарды қабылдау: айдың әр бейсенбі күні сағат 16.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін

 «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Функциялары:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
7) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 23.12.2011 / 07.06.2017