«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Лауазымы: Басқармасының басшысы

Ерембесов Қайрат Шаймарданұлы

1975 жылы туылған. Білімі жоғары. Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Экономика және көлік менеджменті» мамандығы бойынша бітірді. Шығыс Қазақстан облысының ветеринарлық қадағалау басқармасының қаржыландыру секторы меңгерушісі қызметін атқарды. 

2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасында жұмыс істеді. 

2004 жылдан бастап - Шығыс Қазақстан облысы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бас маманы.

2005 жылдан бастап - Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы.

2006 жылдың тамызында Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялар және құрылыс бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2009 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2009 жылдың мамырында Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2010 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму департаменті бөлімінің басшысы.

2010 жылдың желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы әкімі аппарат басшысы болып тағайындалды.

2011 жылдың ақпанында Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2015 жылдың қыркүйегінде Семей қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылдың ақпанында қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері

Облыс бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету және бюджеттік мониторингті жүзеге асыру бойынша Басқарма жұмысын ұйымдастырады.

Бюджетті атқару бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді.

Бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік есептілікті қалыптастыру және ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражаттарын басқару жөніндегі  қызметінің тиімділігін бағалауды жыл сайын өткізуді ұйымдастырады.

Облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша талаптарды тiркеудi және есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Облыстың жергiлiктi атқарушы органының шұғыл шығындарға арналған резервтерiнде көзделген қаражаттар шегінде ақша бөлу мүмкіндігі  туралы қорытындыны дайындау, соттар шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау,  аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын  жабу және  облыстың жергiлiктi атқарушы органына жергілікті атқарушы орган резервінің ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдықтары туралы ақпаратты ай сайын ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдау.

Ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  Қабылдау телефоны: 26-52-59
  Е-mail: oblfin@akimvko.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 05.02.2019