«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Кенжетаева Лязиза Карлқызы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070004, Өскемен қ., М. Горький к., 65

Телефоны: 8-7232-26-52-59

Сайты: vkofin.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: әр сейсенбі сайын сағат 16-00-ден 18-00-ге дейін

«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бюджеттің атқарылуы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Қаржы басқармасының негізгі міндеттері:

1)   облыс бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін орындау;

2)   бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;

3)   жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу.

 

Қаржы басқармасына жүктелген міндеттерін іске асыру үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады және бюджетті атқару бойынша облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;

2) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекiтеді және жүргiзеді;

3) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері бойынша  бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдеріне өзгерістер енгізеді;

4) бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады;

5) облыстық бюджет бойынша түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды;

6) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;

7) облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді;

8) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;

9) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің секвестр жүргізу туралы қаулысы негізінде облыстық бюджетті түзетуді жүзеге асырады;

10) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мыналар туралы бюджеттік есептілікті қалыптастырады және ұсынады:

облыстық бюджеттің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы;

жергiлiктi атқарушы органның талаптары мен мiндеттемелерi туралы есептi;

облыс бюджеті бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы;

облыс бюджеті бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы;

облыстық бюджет және облыс бюджетінің дебиторлық берешегі туралы;

облыстық бюджет және облыс бюджетінің кредиторлық берешегі туралы;

бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша облыс бюджетінің арқарылуы туралы талдамалық есеп;

11) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне,  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі облыстың уәкілетті органына облыстық бюджеттің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы есеп ұсынады;

12) дамыту бағдарламалары бойынша мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару бойынша қызметінің тиімділігін бағалау үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жыл сайынғы ақпарат береді;

13) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;

14) жергілікті бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша талаптарды есепке алуды жүзеге асырады;

15) облыстың жергiлiктi атқарушы органының шұғыл шығындарға арналған резервтерiнде көзделген қаражаттар шегінде ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды бередi;

16) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға, егер олағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервінен ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді;

17) облыстың жергiлiктi атқарушы органына жергілікті атқарушы орган резервінің ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдықтары туралы ақпаратты ай сайын ұсынады.

 

Жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асрыу үшін қаржы басқармасының:

1) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды облыс басшылығының қарауына енгізу;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз өкілеттілігі шегінде кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу;

3) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты (есептер, анықтамалар, материалдар) сұрау және алу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру құқығы бар.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 07.04.2015