Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Басқарма) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы:облыстың энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, облыстың энергетика, коммуналдық шаруашылық және абаттандыру салаларында мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде облыс тұрғындарына ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру. Міндеттері: энергетика, коммуналдық, тұрғын үй шаруашылығы, газбен қамту, сумен қамту және су бұру салаларын мемлекеттік реттеу және басқару.

Функциялары:

1) сумен қамтамасыз ету және су бұру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау бойынша іс-шараларды іске асыру; 

3) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну;

4) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) коммуналдық-тұрмыстық нысандағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) құрастырылған қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтер, эскалаторлар, фуникулерлер) пайдаланатын ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну;

7) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

8) кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөніндегі қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастыру;

9) бюджет қаражаты есебінен кондоминиумдар құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдау;

10) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;

11) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

12) осы Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне арналған техникалық паспорттарды дайындау бойынша шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеуді қамтамасыз ету;

13) тұтынушылардың жылу пайдаланушы қондырғыларын  пайдалану және техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыру;

14) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына дайындалу мен жүзеге асыруды және олардың күз-қыс кезеңінде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;

15) жылу желілерінде (тораптық, кварталішілік) технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу;

16) жылу желілерін (тораптық, кварталішілік) жоспарлы жөндеуді келісу;

17) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (тораптық, кварталішілік) күз-қыс жағдайында жұмыс істеуіне дайындық паспорттарын беру;

18) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілеріне қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларын салудың техникалық тиімділігі туралы қорытынды беру;

18-1) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысымда немесе судың Цельсийдің 115 градусынан жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифттердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;

18-2) қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

19) облыс әкімдігі атынан Қазақстан Республикасын газдандырудың бас сұлбасын іске асыруға қатысу;

20) уәкілетті органға облыс аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамы туралы облыс әкімдігінің ұсынысын әзірлеу;

21) уәкілетті органға облыс аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөнінде облыс әкімдігінің ұсынысын әзірлеу;

22) газбен қамтамасыз ету жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

23) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну;

24) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеу;

25) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге облыс әкімдігінің ұсынысын дайындау;

26) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілеті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге облыс әкімдігінің ұсынысын дайындау;

27) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті облыс аумағының даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету;

28) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Басқарманы облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басқарма басшысы басқарады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 03.06.2016