Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Сматлаев Алмасхан Бауржанұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070004, Өскемен қ., М. Горький к., 65

Телефоны: 8-7232-71-32-00, 26-45-43

Сайты: econvko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 14.30-дан 18.30-ға дейін

«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, заңнамада көзделген шекте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, фискалдық және бюджет саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жүргізуге құзыретті атқарушы орган болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, әкімдіктің және облыс әкімінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «14» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №03 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде мекеменің атауы жазылған мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысының Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінде шоты бар.
Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Басқарманың, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Басқарманың ережесі мен құрылымы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
5. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте бұйрықтар түрінде актілер шығарады.
6. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индексі 070004, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40.
7. Басқарманың толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
8. Басқарманың құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.
9. Басқарманың құрылтайшы құжаты осы Ереже болып табылады.
10. Басқарманың құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың келісуімен Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу;
2) Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылу мониторингі;
3) әлеуметтік – экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және облыстық әкімдіктің мақұлдауына енгізу, оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
4) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын келісу;
5) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларын әзірлеу және бекіту;
6) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;
7) шығыстардың бағыттары мен оларды облыстық бюджеттен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындау;
8) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындау;
9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;
10) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін және бекітетін бюджеттік бағдарламаларды келісу;
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарау;
12) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындау;
13) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламалары жобаларын қарау;
14) бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
15) облыстық бюджет жобасын жасау және оны облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізу;
16) облыстық бюджеттің жобасын жергілікті атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсыну;
17) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдары қаулыларының жобаларын әзірлеу;
18) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде бюджеттік инвестициялық жобаны қарау;
19) инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытынды дайындау;
20) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарау және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жіберу;
21) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындау;
22) бюджеттік инвестициялық жобаны тиісті бюджет жобасына енгізу үшін іріктеу;
23) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы мен экономикалық қорытынды негізінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асыру және қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
24) олардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажетті сараптамалар жүргізу тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру;
25) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингі және оны бағалау;
26) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, концессиялық ұсыныстар бойынша, конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде, концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша, концессия шарттары жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар әзірлеу;
27) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындау туралы облыс әкімдігі актісінің жобасын әзірлеу;
28) бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша, сондай-ақ олардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
29) тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;
30) тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастыру;
31) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
32) егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша келiсу;
33) коммуналдық меншiкке жататын және тiзбеде көзделген концессия объектiлерiне қатысты конкурс ұйымдастыру;
34) комиссияның шешiмi негiзiнде коммуналдық меншiкке жататын және тiзбеде көзделген концессия объектiлерi бойынша концессия шартын жасасу;
35) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарының мониторингін, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру және мониторинг пен бақылау нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
36) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастыру;
37) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингі және оны бағалау;
38) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияны құру және ол туралы ереженi бекiту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
39) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Басқарманың өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
2) бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының бюджеттік өтінімдерді жасау жөніндегі бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оны бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қараусыз қайтаруға;
3) өзінің құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және мемлекеттік органдарға ұсынуға;
4) өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар мен өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттар сұрауға және алуға;
5) сараптама жасау және кеңес алу үшін жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
6) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлік құрамындағы, уәкілетті органы Басқарма болып табылатын акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға;
7)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 09.06.2016