«Шығысқазжерқойнауы» ШҚ өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі

Басшысы: Келеманов Серік Ысқақұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070004, Өскемен қ., Тохтарова к, 35

Телефоны: 8-7232-26-65-48

E-mail: vknedra_common@ukg.kz

   Виртуальная приемная ЦЭУ

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер  қойнауын пайдалану департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – “Шығысқазжерқойнауы” ӨД) Шығыс Қазақстан облысы аумағында жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешенді пайдалану мен жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласында арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау қызметтерін жүзеге асыратын өңіраралық орган болып табылады.
«Шығысқазжерқойнауы» ӨД негізгі міндеті Шығыс Қазақстан облысының тау-кен металлургиялық кешенінің сенімді минералдық-шикізат базасын құру болып табылады.

  1. жер қойнауын геологиялық зерттеу, кешенді және тиімді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға; жер қойнауын пайдалану мониторингін жүргізуге қатысады;   
  2. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және барлау және өндірумен байланысты емес, және басқа да мақсаттарда жер қойнауын пайдалану операциясын жүргізу барысында жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы ережелер мен нормалардың, жер қойнауы туралы заңдардың орындалу мониторингісін жүзеге асырады;
  3. жер асты сулары және қауіпті геологиялық процестер мониторингісімен қоса жер қойнауының мемлекеттік мониторингісін жүргізеді және жер қойнауы жағдайының мониторингісінің бірыңғай компьютерлік жүйесін жасауға қатысады;
  4. жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттардың аумақтық қорының қызметін қамтамасыз етеді;
  5. жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы сандық ақпараттардың бірыңғай жүйесін пайдалануды ұйымдастырады;
  6. өз құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
  7. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын, өздігінен ағып төгілген ұңғымаларды жою мен консервациялауды, жер асты суларының мемлекеттік мониторингісінің бақылау торабы ұңғымаларын қалпына келтіруді қосқанда мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін геологиялық зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырады;
  8. геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық мазмұндағы мемлекеттік карталарды жасауды ұйымдастыруға қатысады;
  9. пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, пайдалы қазбалар кен орындары мен білінімдерінің мемлекеттік кадастрларын әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады;
  10. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қоса алғанда, геологиялық зерттеулерді мемлекет мұқтажы үшін жүргізуде мемлекеттік тапсырушының қызметін жүзеге асырады;
  11. жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, жер қойнауы мониторингісіне және басқа да мақсаттар үшін мемлекеттік бюджеттегі қаржы көлемін негіздейді;
  12. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар туралы материалдарды қарайды;
  13. өз құзыреті шегінде жер қойнауы туралы заңдарды іс жүзінде пайдалану тәжірибесіне талдау мен қорытындылау жүргізеді және заң жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді даярлауға қатысады;
  14. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне бекітілген есепнама түрлеріне сәйкес, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауының жағдайы жөнінде мәліметтерді ұсынады;
  15. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің тапсыруы бойынша өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;

2) мемлекеттік саясатты іске асыруға бақылауды қамтамасыз ететін қызметтер:

- жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтауды бақылайды;
- өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарын орындауды мониторингілеу және бақылауды жүзеге асырады;
- белгіленген тәртіпте қарайды және бекітеді:

  1. мемлекеттік геологиялық зерттеу мен жер қойнауының мониторингісін жүргізуге арналған жобалық–сметалық құжаттамаларды. жұмыс жүргізу әдістемесі мен қаражатты тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
  2. республикалық бюджеттен және жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен қаржыландырылатын жер қойнауы мониторингісі мен мемлекеттік геологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша есептерді;
  3. кең таралған пайдалы қазба кен орындарын игеру жобаларын;
  4. кең таралған пайдалы қазбалардың қорларына, пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелері туралы геологиялық және геологиялы-экономикалық, ақпараттарға Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының тапсырмасы бойынша минералды шикізаттың басқада түрлерінің қорларына мемлекеттік сараптаманы жүргізеді;
  5. ПредОВОС, ОВОС, жер қойнауын, аэрация және жер асты су аймағын ластауға қауіпті объектілер жобасын жобалау үшін жер учаскелерін таңдау актілері бойынша материалдарды қарайды және оған гидрогеологиялық қорытындылар береді.

- белгіленген тәртіпте қарайды және келіседі:

  1. кен орындарын барлаудың (жете барлаудың) және сынама пайдалану, кен орындарының тәжірибелі-өнеркәсіптік игеру жобаларын;
  2. республикалық маңызы бар кен орындарын игеру жобаларын;
  3. тау-кен өндіру кәсіпорындарының жою және консервациялау жобаларын;
  4. жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтар мен ағынды сулардың төгіндерін көму жобаларын;  

    5. пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған (барлау, өндіру, немесе бірлескен барлау және өндіру) келісім-шартқа жұмыс бағдарламаларын;
    6. кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды.
    7. республикалық маңызы бар кен орындары бойынша тау-кендік және геологиялық иелік жобаларын;
    8. жер қойнауы бөлігінен 50-ден 2000 м3/тәул. дейін лимит бойынша алынатын өндірістік-техникалық және шаруашылық-ауыз су мақсатында суды пайдалануға арнайы рұқсат беру жобаларын;
    9. су ресурстарын қорғау және кешенді пайдаланудың бассейіндік сызба жобасын;
    10. геологиялық ақпарат пен коллекциялық материалдарды шетелге шығару материалдарын;

    - материалдарды қарайды және береді:

    1. кең тараған пайдалы қазбаларды барлауға (барлау және соңынан өндіру) геологиялық иелікті;
    2. кең тараған пайдалы қазбаларды өндіру үшін тау-кен иелігін куәландыратын актілерді;
    3. пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салу рұқсатын куәландыру актілерін;
    4. құрылыс салу алаңдары астында пайдалы қазбалардың жоқтығын куәландыру актілерін;
    5. суды пайдалануға арнайы рұқсат берілгенде жер асты суларының қорлары туралы мемлекеттік сараптамалық қорытынды;
    6. жер қойнауын пайдаланудың келісім-шарттық аумағында геологиялық зерттеуге мемлекет шығындаған тарихи шығындарды есептейді;
    7. жер қойнауын пайдаланушылармен кең тараған пайдалы қазбалар жөнінде геологиялық ақпараттарды сатып алу келісімін және құпиялылығы туралы келісімді жасайды;
    8. жер қойнауын пайдаланушылардың ақпарат сатып алу туралы келісімге сәйкес келісім-шарттық аумақ бойынша тарихи шығынды уақытында төлеуін бақылайды және белгіленген тәртіпте салық органдарын хабардар етеді;
    9. қаржыландырудың көзіне қарамастан әрекет ету аумағында жүргізілген барлық геологиялық барлау жұмыстарын тіркейді;
    10. жер асты суларын алатын және жер қойнауына сарқынды суларды жіберетін жер қойнауын пайдаланушыларды есепке алуды тіркейді;
    11. алынған жер асты суы көлемін бастапқы есепке алуды жүргізудің дұрыстығын бақылайды.
     
Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 20.11.2014