ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің ШҚО бойынша экология департаменті

Лауазымы: Департаменттің бастығы

Кавригин Дмитрий Юрьевич

1974 жылдың 5 қыркүйегінде Алма-Ата қаласында дүниеге келген. 2 жоғарғы білімі бар: «Көлік және көлік шаруашылығы» мамандығы бойынша 1996 жылы Өскемен қаласының Құрылыс-жол институтын және  2007 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазастан Мемлекеттік университетін бітірген.

08.2000-09.2000 – "Энергосберегающие технологии" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сату бойынша  жетекші маман.

10.2000-02.2002 - Лайт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шарт жасасу бөлімінің инженері,

03.2002-12.2003 - "ВостокоСнабЭнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шарт жасасу бөлімінің инженері.

12.2003 - "Теплоэнергия" МКМ директоры.

02.2005-10.2005 – "Импульс"  МКМД  директоры.

03.2006-05.2007  - Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданының Ушаново ауылдық округының әкімі.

05.2007-07.2007 – Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық  Департаменті директорының орынбасары.

07.2007-08.2008 - "Өскемен Водоканал" МКМ-да басқшылық етті.

02.2008-04.2009 - "Лик" ЖШС директоры.

04.2009-09.2009 - Шығыс Қазақстан  облысы әкімнің  апаратына мемлекеттік қызметке  Шығыс Қазастан облысы әкімінің бас инспекторы ретінде қайта оралды,

09.2009-03.2010 – Риддер қаласы әкімінің орынбасары,

03.2010-05.2011 – Риддер қаласының әкімі.

05.2011-03.2013 – Өскемен қаласының әкімі.

03.2013-10-2013 - Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азамттық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы.

10.2013-09.2014 – ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ШҚО бойынша экология департаменті басшысының м.а., басшысы.

09.2014-11.2014 – ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің ШҚО бойынша экология департаменті басшысының м.а

2014 жылғы 26 қарашадан бастап ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы.

Лауазымдық міндеттері

1. Қазақстан Республикасы Экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау жүргізу.
2. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 121– бабына сәйкес ШҚО бойынша мемлекеттік экологиялық инспекциясының тексерулерді тағайындау туралы актісін, тексерулердің жылдық жоспар-кестесін бекіту.
3. Қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері бар ҚР Экологиялық заңнамасының бұзу деректері туралы құқық қорғау органдарына мәлімет беру.
4. Қазақстан Республикасы Экологиялық заңнамасының сақталуын қамту мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдарымен, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғаларымен өзара әрекеттесу.
5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдарының, «Қазақстан Республикасының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» ҚР Президенті Жарлығының бұзу жағдайларын болдырмау.

  Қабылдау телефоны: 76-76-82,
  Факс: 76-55-62
  Е-mail: Ukecolog1@energo.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 04.05.2018