Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өніраралық жер инспекциясы мемлекеттік мекеме

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Генрих Александр Николаевич

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , г. Усть-Каменогорск, ул. Ворошилова, 152

Телефоны: 8-7232-22-63-73

Азаматтарды қабылдау: айдын әр екінші және төртінші бейсембі сағат 9.30-дан – 13.00-ке және 15.00-тен – 18.00 дейін

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өніраралық жер инспекциясы  мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы мөрі және штамптары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында арнайы атқырушы және бақылау функцияларын жұзеге асырады.

Инспекция міндеттеріне мемлекеттік органдардын, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарырың сақталауын, Қазақстан Республикасы заңдарының бузылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірүді, жер учаскелерін пайдалану ережелерінің сақталауын, жер кадастры мен жерге орналастыру ісінің дұрыс жүргізілуін және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуі жатады. Инспекцияға өз құзыреті шегінде жүктелген өзге міндетерді жүзеге асыру болып табылады.

Инспекция қолданысты заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. жерді пайдалану мен қорғауды мемелкеттік бақылауды жүзеге асару;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланатын жерлерді айқындау;
  3. жер заңдарының анықталған бұзушылықтардын жою мәселелері бойынша орындалуға міндетті нусқамалар беру;
  4. жер заңнамасы саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мақсатсыз пайдаланатын немесе Қазақстан  Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланатын жер учаскелерін мәжбүрлереп алып қою туралы талап арыздарын сотқа дайындау;
  6. құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса,  сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген не теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұру;
  7. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де мәселелерді.

Өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асару мақсатында, инспекция:
- мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңдарын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;
- жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуге;
- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пйдаланушылардың топырақтық құнарлығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыруөшаруашылық, агротехниқалық, орман-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргуіне;
- жер участкелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өздерінде жердің бар-жоғы, олардың жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтері мемлекеттік органдарынға уақтылы беруіне;
- жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын жай және өндірістік объектілердің жобалауына, орналастырылуы мен салуына;
- жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуын туғызатын басқа да процесстердің салдарларын болдырмау мен жою жөненіндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
- азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы арыздарын  (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;
- межелік белгілердің сақталуына;
- жергілікті атқарушы орган дар уақытша жер пайдалануға берген жердің уақтылы қайтарылуына;
- бүлінген жердің  жаңғыртылуына;
- жердің бөлінуіне байланысты жұмыстар жұргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
- жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына;
- жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңдары саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығына мемлекеттік бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастырады және жүргізеді.

Өз қызметін жүзеге асырған кезде, инспекцияның заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. кінәлілерді жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиісті органдарға жіберуге;
  2. Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актілер) жасауға;
  3. Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығаруға;
  4. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы істер бойынша, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою мәселелері бойынша, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы істер бойынша және жеке, лауазымды және заңды тулғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа жүгінуге;
  5. қызметтік куалігін көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергісіз кіруге, меншіктегі және пайдаланудағы жер учаскелерін тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектілер алып жатқан жер учаскелерін – оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып, тексеруге;
  6. жер учаскелерінің меншік селері мен жер пайдаланушыларға жерді қорғау,  Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелері бойынша орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;
  7. өнеркәсіптік, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игенру, объектілерді пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, іздестіру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерін пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдауына немесе бүлінуіне, эрозияның күшеюіне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететін басқа да процесстерге әкеп соғуы мұмкін болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген не теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
  8. мемлекеттік органдардан белгіленген тәртіппен бекітілген, жер қорының жай-күйі туралы статистикалық есепті алуға;
  9. жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндірістік объектілердің салынуын тоқтата тұруға құқығы бар.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 18.12.2014