«ШҚО бойынша көліктік бақылау комитеті» РМК

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Мукашев Кенжебек Батырханович

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , Өскемен қ., Крылов к., 114

Телефоны: 8-7232- 25-22-06

Азаматтарды қабылдау: әр жұманың сәрсенбі, бейсенбі күндері, сағат 16:00 бастап 18:00 дейін.

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады және әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлік саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

Инспекцияның   негізгі міндеттері: әуе және құбыржол көлiгiн қоспағанда, көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; өз құзыреті шегінде көліктің және оның өмірлік циклі процестерінің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету; реттелетін салаларда мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету.

Инспекция көлiктiк бақылау органдарының бiрыңғай жүйесiне кіреді. Инспекцияны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің келісімі бойынша және Көліктік бақылау комитеті төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.

Инспекция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

2) транзиттік әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты жинау, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын есепке алу, белгіленген нысандағы есеп беру құжаттары түрінде жинақталған ақпаратты беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсат беру;

4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар беру;

5) шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кіруін тіркеу;

6) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;

7) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларын беру;

8) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру;

9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат беру;

10) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша қалалардың шекараларындағы немесе өзге де елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарындағы көлік бақылау орындарында автокөлік құралдарының жүрістеріне бақылау жүргізу;

12) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік тасымалдаушылардың каботаждық тасымалдауын анықтау және жолын кесуді жүзеге асыру;

13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

14) автокөлік құралдарының жүруін, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген габариттік және салмақтық өлшемдердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

15) тахографтарға қызмет көрсету және орнату бойынша қызметті жүзеге асыратын сервистік орталықтарға бақылауды жүзеге асыру;

16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен автожолдарда және автокөліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру;

17) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;

18) тасымалдаушылардың халықаралық қатынаста тез бүлінетін жүктерді тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамына қойылатын талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асыру;

19) жүк көлiгi құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатын берудi жүзеге асыру;

20) жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

21) теміржол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, станциялық және кірме теміржолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;

22) теміржол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін, оның ішінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, сақтауы бөлігінде  тексеруді жүзеге асыру:

темiржол желiсiнiң станциялық және магистральдық жолдар мен темiржолдағы кiрме жолдарды күтiп-ұстау, жылжымалы құрамды күтiп-ұстау, пайдалану және жөндеу;

Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және поштамен жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын;

темiржол көлiгiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды, сондай-ақ жасанды құрылыстарды және теміржол өтпелерін күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу;

23) жылжымалы құрам мен жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік тiркеуді жүзеге асыру;

24) жылжымалы теміржол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;

25) Министрдің міндетін атқарушысының бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген тәртіппен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздігін басқару жүйесінің аудитін жүргізу;

26) Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;

27) жолаушылар поездарының Қазақстан Республикасы аумағымен жүру жолында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізу;

28) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң немесе іс-қимылдың жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

29) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

30) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;

31) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

32) өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша актiлер жасау және көлiктiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, стандарттар мен нормалардың талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгiзу;

33) қозғалыс қауiпсiздiгiнiң және қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi жауап бермейтiн магистральдық темiржол желісі объектiлерiн, темiржолдар мен жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұруды және тоқтатуды жүзеге асыру;

34) қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына жай-күйі жауап бермейтін қалалық рельсті көлік объектілерін пайдалануды тоқтата тұруды жүзеге асыру;

35) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге мүлiк пен заттарды тексерiп қарауды жүргiзу кезiнде табылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктер мен заттарды алып қою;

36) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;

37) су көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы бөлiгiнде олардың қызметiн тексеру;

38) ішкі су көлігі саласында тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасауын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

39) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi қарап-тексеру, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеруді жүргізу;

40) жеке және заңды тұлғалардың көлiктің жұмыс iстеуі тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының талаптарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау;

41) өз құзыретi шегiнде тексерулер нәтижелерi бойынша актiлер жасау және су көлiгiнiң жұмыс істеуі тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларының анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгiзу;

42) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;

43) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын тиіс кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау;

44) кемелерді, салдарды және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстарын, олардың пайдаланылуын қауіпсіз қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап-тексеруді жүргізу;

45) алкогольдік, есiрткiлік және уытты мас күйінде болған шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн басқарудан шеттету және оларды медициналық куәландыруға жiберу;

46) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргізуді жүзеге асыру;

47) жеке және заңды тұлғалардың ішкi су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

48) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастыруды, iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды ұйымдастыру;

49) кемелерде техникалық пайдалану қағидаларының, қызмет жарғыларының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

50) iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеме иелерiнiң, кеме экипажы мүшелерiнiң, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасына сәйкес кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

51) кеменi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтiн кемелердi (оның iшiнде шағын көлемдi), салдар мен өзге де жүзу объектiлерiн ұстау;

52) кемені пайдалану қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң (оның iшiнде шағын көлемдi), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салу;

53) Министрдің бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру, сыныптау және есепке алу;

54) кеме қатынасы су жолдарының және навигациялық жабдық құралдарының тиiстi күтiп-ұсталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

55) ішкі су көлігі саласындағы бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

56) техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу;

57) техникалық қарап-тексеру операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

58) Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімін жүргізу;

59) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 03.05.2018