Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Лауазымы: Департамент басшысы

Мамаев Серік Есіркепұлы

1964 жылы 2 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында туған,

 Ұлты – қазақ

 Жоғары білімді.

1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, механика және қолданбалы математика факультеті, «Қолданалы математика» мамандығы бойынша, математик;

2000  жылы Т.Рысқұлов атындағы  Қазақ  мемлекеттік басқару академиясын «Экономика  және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, экономист, Экономикалық ғылымдар докторы.

Жұмыс тәжірибесі:

1986-1989 жылдары Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің Жамбыл технологиялық институтының «Қолданбалы математика және есептеу техникасы» кафедрасының ассистенті, тағылымгер – зерттеушісі болып жұмыс істеді;

1989-1993 жылдары ҚазССР Ғылымдар Академиясының Математика және механика институтының аспирантурасында оқыды;

1993-1998 жылдары – кәсіпкер;

1998-2009 годы -   ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау жүйесінде бас маманнан бастап, ҚР ҚМ  Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының  бастығы лауазымына дейін еңбек жолын атқарды;

2010-2015 жылдары – «Қ.И.Сатпаев атындағы  ҚазҰТУ ТЕХНОПАРК»  Басқарма Төрағасының кеңесшісі, «Кедентранссервис» АҚ  Экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, "Темірбетон" ЖШС бас директорының кеңесшісі;

2015-2018 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы;

2018 жылдың сәуір айынан бастап қыркүйек айы аралығында  Алматы қаласының    

мемлекеттік мүлік және  жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары;

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап  – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.

Наградалары:

- мерекелік медаль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл».

Лауазымдық міндеттері

1. ҚР ҚМ ІМАК ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне (бұдан әрі -  Департамент) жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда, халықаралық және өзге ұйымдарда Департамент мүддесін қорғайды;

3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолданады;

4. Өзге мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан Департамент құзыретіне қатысты мәселелерді шешуге қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұрайды және алады;

5. Құқық қорғау органдарымен және басқа бақылаушы органдармен, ішкі аудит қызметімен, тексеру комиссиясымен және басқа да жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

6. Ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, камералдық бақылауды жүргізу, Департаменттің және ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің аудит материалдарының сапасын бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

7. жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қаржылық бақылаудың ден қою шараларын уақтылы қабылдауға бақылауды қамтамасыз етеді;

8. Мемлекеттік аудит объектілері Тізбесін, Комитеттің орталықтандырылған тапсырмаларын уақытында әрі сапалы орындауды ұйымдастырады;

9. Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз етеді, Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты,  сыбайлас жемқорлыққа тұрақты төзбеушілік атмосферасын   қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізеді;

10. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Департамент туралы ережеге сәйкес өзге міндетттерді жүзеге асырады.

  Местоположение: Өскемен қ, М. Горький к, 65.
  Қабылдау телефоны: 24-82-18
  Факс: 24-82-18
  Е-mail: fink.ustk@minfin.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 21.01.2019