ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті»

Лауазымы: Департамент директоры

Мадьяров Нурлан Абильбаевич

1968 жылғы 2 маусымда дүниеге келді. 
Білімі: жоғары, заңтану 
- 1991 ж. КСРО ІІМ АОА милиция мектебі 
- 2000 ж. Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университет – заңгер.
- Ресей ТЖМ Санкт Петербург МӨҚ тыңдаушысы 
1986 -1988 жж. -  КА қатарындағы қызмет 
1988 ж. - КСРО ІІМ АОА милиция мектебі курсанты 
1991-1993жж. -  Алматы қ. Ленин аудандық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі қылмыстық іздеу бөлімшесінің жедел уәкілі;
1998-2002жж. -  Алматы қ. МӨҚ 3-ӨСБ инспекторы 
2002ж. - Алматы қ. МӨҚ 3-ӨСБ аға инженері 
2002-2005жж. -  Алматы қ. МӨҚББ 3-ӨСБ бастығының орынбасары 
2005 ж. – Алматы қ. МӨҚБ Алмалы ауданының ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы 
2006-2008жж.-   Алматы қ. ӨҚД Бостандық ауданының өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығы 
2008-2010жж.-   Бостандық АТЖБ бас маманы;
2010-2011жж. -  Алматы қ. ТЖ департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы 
2011-2012жж. – Алматы қ. ТЖ департаменті бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы 
2012ж. – ҚР ІІМ Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары бар: 
-  «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3-дәрежелі; 
-  «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 2-дәрежелі;
-  «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» 3-дәрежелі медалі.

 

Лауазымдық міндеттері

1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесіне өкілдік етеді;

3) Департаменттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын немесе әскери және атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнайы атақтарды бір саты жоғары беруге Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;

4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;

5) Министрлік және Комитет қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің және Комитет төрағасының актілерін және тапсырмаларын орындайды;

6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;

8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

9) Департамент атынан шарттаржасасады;

10) Департамент атынан сенімхаттар береді;

11) банк шоттарын ашады;

12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;

13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Комитетпен келісіліп жүзеге асырылады;

14) өз құзыреті шегінде Департаменттің барлық қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

15) еңбек қатынастары Министрліктің және Комитеттің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерден басқа Департаменттің, қалалық Төтенше жағдайлар басқармаларының және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;

17) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

19) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына өртке қарсы қызмет капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;

20) Департаменттің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің құтқарушыларына сыныптық біліктілігін береді (растайды);

21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге өтініш жасау үшін Комитет төрағасына ұсыныстар енгізеді;

22) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;

23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;

24) Әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;

25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Комитетке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;

26) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын адамға жүктеледі.

20) Департамент бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

21. Департаментте азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Департамент бастығының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылады, оның құрамына бастық, бастықтың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің, Департаменттің жедел бағынысындағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары кіреді. Кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.

Халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынастарды дамыту және әрі қарай жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірлеу мақсатында Департамент жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын және оның ережесін Комитет төрағасы бекітеді.

  Қабылдау телефоны: 26-45-10
  Е-mail: info@vkogps.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 11.11.2016