Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті

Лауазымы: Департамент басшысы

Қабдолдақызы Жанна

1971 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Чердояк ауылында дүниеге келген, білім жоғары: 1994 жыл, ҚазХТМУ жоғары-педагогикалық білім, неміс және қазақ тілінің мұғалімі, 2005 жыл – жоғары-заңгерлік, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, заңгер.
Өз еңбек жолын 1994 жылы ҚР ҰҚК ШӘ әскери институтында бастады. 2005 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық бөлімшесінде қызмет етті (бас маман, консультант, бөлім меңгерушісі).
2014 жылдан 2016 жылдың қаңтарына дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен Құрмет грамотасымен марапатталған.
2016 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып  қызмет етті.
2017 жылғы 4 қыркүйектегі №140 жқ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Қ.П.Қожамжаровтың бұйрығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері

  Қабылдау телефоны: 76-50-29

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 22.02.2016 / 19.10.2017