Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігі «Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РММ

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Құнафиянов Бақытқан Қалымұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070004, Өскемен қ., Қазақстан к., 5

Телефоны: 8-7232-26-73-58

Азаматтарды қабылдау: күнделікті

E-mail: vknadzor@mail.ru

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің сайты

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы аумағында техникалық реттеу және метрология мәселелерін бақылау және басқа да басқару қызметтерін атқаратын өкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

Департамент өзінің іс-әрекетін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Департамент туралы Ережеге сәйкес жүргізеді.

Департаменттің функциялары:

1) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтауға уәкілетті ұйымның қызметін және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтау үшін уәкілетті органның (ұйымның) қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асыру;

2) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізу;

3) тамақ өнімі қауіпсіздігінің саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

5) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

6) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

7) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін беру;

8) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру бойынша қызметті бастау немесе тоқтату туралы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды арнайы есепке қою туралы құжат беру;

9) өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасының (Кимберлий процесінің сертификаты) сертификатын беру;

10) асыл тастар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу аясында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

11) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылданып, тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігі арқылы бақылаудың өзге нысаны тәртібімен рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;

12) лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асыру.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 28.09.2018