ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаменті

Лауазымы:

Берик Исабаевич Альзахов

Лауазымдық міндеттері

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің

Шығыс Қазақстан облысыбойынша департаменті басшысының лауазымдық нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы (бұдан әрі – Департамент басшысы) өз қызметінде «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Жауапты хатшысының  2014 жылғы 1 қарашадағы № 118 бұйрығын (бұдан әрі - Ереже), осы лауазымдық нұсқаулықты және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

1.2. Департамент басшысы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бас мемлекеттік инспекторы болып саналады.

1.3. Департамент басшысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының орынбасарлары, қызметкерлері тікелей бағынады.

1.4. Департамент басшысыуақытша болмаған жағдайда, оның лауазымдық міндеттерін Департамент басшысының орынбасары орындайды.

2. Құқықтары

2.1. Департаменттіңқұзыретіне кіретін мәселелерді қарастыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Департаментті таныстыру, мемлекеттік органдар, халықаралық және өзге де ұйымдар өткізетін мәжілістерге, отырыстарға, семинарларға, конференцияларға қатысу;

2.2. Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер мен өзге де іс-шараларды өткізу;

2.3. Лауазымдық нұсқаулықпен көзделген міндеттемелермен байланысты Департаменттің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

2.4. Жеке қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне деген басшылықтың, өзге лауазымды тұлғалардың және азаматтар тарапынан әділ және құрметті қарым-қатынасқа;

2.5. Әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

2.6. Мемлекеттік қызметті өтумен байланысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет жағдайларда жеке түсініктемелер беруге;

2.7. Біліктілігі мен қабілетін, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындағанын ескере отырып қызметі бойынша жоғарылауға;

2.8. Қызметкердің айтуы бойынша негізсіз кінә тағылған кезде қызметтік тергеу жүргізілуін талап етуге;

2.9. Мемлекеттік қызметтен өзінің қалауы бойынша босауға;

2.10. Марапатталуға, ақшалай сыйақы алуға құқылы;

2.11. Департаменттің  жұмысына қатысты мәселелерді қарастыруда және олар бойынша шешім қабылдауда, тиісті бағынышты тұлғалардың олардың орындалуына өз өкілеттіліктері шегінде қатысу;

2.12. Өз құзыреті шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалар талаптары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар енгізу;

2.13.Департамент қызметкерлеріне орындау мерзімдері белгіленген өкімдерді беру, сонымен қатар олардың орындалуын бақылау;

2.14.Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Ережемен көзделген өзге де құқықтарды пайдалану.

3. Міндеттері

3.1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын, арнайы жобалардыәзірлеу бойынша Департамент қызметін үйлестіру және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру;

3.2. Ережеге сайДепартаментке жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес оның жұмысының ұйымдастырылуын жүзеге асыру;

3.3. Департаменттің бөлімдері туралы ережені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарынбекіту;

3.4. Өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес әкімшілік жаза тағайындау;

3.5. Департаменттің тоқсанға, жартыжылдыққа, жылға арналған жұмыс жоспарын құру және бекіту;

3.6. Департаментке жалпы басшылықты және оған кіретін құрылымдық бөлімшелерді үйлестіруді жүзеге асыру;

3.7. Департаменттің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

3.8. Департамент қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша шаралар қабылдау;

3.9.Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара әрекет ету;

3.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментте іс-жүргізуді мемлекеттік тілде жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру;

3.11.Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды бұзу туралы статистикалық ақпараттың жасалуын жүзеге асыру;

3.12. Бюджеттік бағдарламаларды құрастыру бойынша ұсыныстардың ұсынылуын ұйымдастыру;

3.13. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің дұрыс өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру;

3.14. Қызметкерлердің еңбек және мемлекеттік тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету;

3.15. Департамент қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, қылмыстар, теріс қылықтар фактілері туралы ақпараттың Комитетке уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету;

3.16. Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қылмыстар, теріс қылықтарды жасамауы бойынша профилактикалық және алдын алу шараларын қабылдау;

3.17. Департамент қызметін ұйымдастыру үшін құрылған комиссиялар құрамын бекіту, олардың жұмысын бақылау;

3.18. Департаменттің Техникалық Кеңесін басқару.

3.19. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу сапасына талдау жүргізілуін бақылау;

3.20. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтердің жиналуын бақылау;

3.21. Бақылау – профилактикалық жұмыстар нысандары мен әдістерін, олардың тиімділігі менқолданысын арттыруды жетілдіру;

3.22. Бақылаудағы ұйымдарда сала кәсіпорындарының оң жұмыс тәжірибесін, өнеркәсіптік қауіпсіздікмәселелері бойынша ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуге көмектесу.

3.23. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өзқұзыреті шегінде аварияларды тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;

3.24. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға беру кезінде қабылдау сынақтарына,  техникалық куәландыруларға қатысу;

3.25. Жару жұмыстарының өндірісіне рұқсатберу;

3.26. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларды, соттың шешімінісіз жеке кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз бере отырып,үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұру немесе тыйым салу.

3.27. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объкітелердегі аварияларды тексерудіұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;

3.28. Екі немесе одан көп облыстар шегінде орналасқан қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттамаға келісім беру;

3.29. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алудыжәне есептен шығарудыжүзеге асыру;

3.30. Қауіпті өндірістік объектілердегі оқу дабылдарына және аварияларға қарсы жаттығуларға қатысу;

3.31. Өндірістік жағдайларда жарылғыш заттаржәне олардың негізіндегі бұйымдардың тәжірибелік топтамасын бақылау мен қабылдау сынақтарына қатысуға Департамент қызметкерлерін жіберу;

3.32. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету;

3.33. Қауіпті өндірістік объектілердіңжәне қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өнеркәсіптік қауіпсіздік салаласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;

3.34. Қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимаратын, технологиялық құрылыстары мен мен техникалық құрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;

3.35. Қауіпті техникалық жабдықтарды пайдаланатын қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұыстарды жүргізуге дайындығынаөнеркәсіптік қауіпсіздік салаласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;

3.36.Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік салаласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;

3.37. Қызметіүшінші тұлғаларғанұқсан келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті орындауынаөнеркәсіптік қауіпсіздік салаласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;

3.38. Тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды тұтыну  жүйелері мен газ жабдықтарын есептемегенде, газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау;

         3.39. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және азаматтарға ұйығарымдар беру;

3.40.Қазақстан Республикасыныңэнергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік  бақылауды жүзеге асыру;

3.41. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға сараптама жүргізу;

3.42. Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын және Комитеттің жұмыс жоспарын іске асыруға қатысу;

3.43. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың саласында заңнаматалаптарын сақтау бойынша белгіленген тәртіпте және өзінің құзыреті шеңберінде тексеру және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру;

3.44. Тәуекел дәрежесін бағалау бойынша бекітілген критерийлерге сәйкес тексерулер графигін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне бекітуге ұсыну;

3.45. Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін сақтау;

3.46. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау.

4. Жауапкершілігі

4.1. Дербес жауапкершілік жүктеледі:

1) Ережеге сәйкес Департаментке жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе сапасыз орындағаны үшін;

2) Департаментке жүктелген функцияларды орындау кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтамағаны үшін;

3) Осы лауазымдық нұсқаулықпен көзделген лауазымдық міндеттемелерінтиісіншеорындамағаны немесе орындамағаны үшін;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін және орындаушылық, еңбек тәртібін бұзғаны үшін;

5) Мемлекеттік қызметті өтумен байланысты мемлекеттік қызмет туралы заңмен белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін;

6) Департамент қызметкерлері жасаған әрбір сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да талаптарды сақтамағаны үшін.

4.2. Департамент басшысына өз әрекеттерінің заңсыздығы үшін жауапкершілікжүктеледі. Орындауға тапсырылған өкімнің заңдылығына күмән тудырған жағдайда, өкімді тапсырған Комитет төрағасын, Комитет төрағасының орынбасарын жазбаша түрде хабардар етуге тиіс. Егер лауазымы жоғары басшы осы өкімді жазбаша растайтын болса, Департамент басшысы оны орындауға міндетті, алайда оны орындау қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерге әкеп соқтырмауға тиіс.

  Қабылдау телефоны: 24-12-47
  Е-mail: d.kirpb.vko@mid.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 24.08.2018