ҚР Иивестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша Департаменті

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Басшының м.а. Қарабаев Қанат Қамзинұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , г. Усть-Каменогорск, Буров к., 67

Телефоны: 8-7232-26-13-73

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында іске асыру, бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департаменттіңмақсаттары:

 1) өнеркәсіптік қауіпсіздік, сондай-ақ энергия үнемдеужәне энергия тиімділігін арттыру саласында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;

 2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу;

 3) реттелетін салаларда мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз.

Департаменттің функциялары:

1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуге қатысады;

2) реттелетін салаларда өз құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

3) реттелетін салалардағы техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады;

4) реттелетін салаларда ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асырады;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

6) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзіреті шегінде аварияларды тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

7) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысады;

8) жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;

9) авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тіркеуді (есептік) жүргізеді;

10) қауіпті өндірістік объектілердің лаңкестіктен қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;

11) адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда, соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрып немесе тыйым салып, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз тастайды;

12) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзіреті шегінде қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларға тексеру ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

13) қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалардың тұрақты қолданыстағы емтихан комиссиялары мүшелерінің білімдеріне тексеру жүргізеді;

14) екі және одан да көп облыстар шегінде орналасқан қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келіседі;

15) қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады;

16) қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығу жүргізуге қатысады;

17) өндірістік жағдайларда жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың тәжірибелік партиясын бақылау және қабылдау сынақтарына қатысады;

18) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етеді;

19) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

20) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстары мен техникалық құрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырудың уақытылы жүргізілуін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

21) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге дайындығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

22) магистральдық құбыр жолын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

23) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

24) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

25) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылайды;

26) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді жүргізуді жүзеге асырады;

27) мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен азаматтарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқамалар береді;

28) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

29) энергия аудитін және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізеді;

30) өз құзыреті шегінде Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын орындайды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындайды;

31) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;

32) өз құзыреті шегінде құқықтық, консультациялық және практикалық көмекті жүзеге асырады;

33) Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын және Комитеттің жұмыс жоспарын іске асыруға қатысады;

34) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 31.05.2017