«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Төлегенұлы Мұқтар

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070019, Өскемен қ., Казахстан к., 87/2

Телефоны: 8-7232-26-27-40

Сайты:

Азаматтарды қабылдау: жұмыс күндерінің бейсенбісі сағат 16.00 -ден 17.00 – ге дейін қабылдайды. Қабылдау телефонына жазылу: 8 (7232) 55-28-69.

ҚР Қазынашылық комитеті

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті» РММ республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алу, қамтамасыз ету саласында және мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен шетел валюталар шоттары және де квазимемлекеттік секторларының субъектілері шоттары бойынша операцияларды өткізу салаларындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органы болып табылады.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың 27 маусым 2017 жылы сағ. 11-00 Астана қ. Қонаев к, 4 «Қазмедиаорталығы»  (Киноконцерт залы – 1 қабат)мекен - жайы бойынша жұртшылықпен есепті кездесуі өтеді

Қаржы министріне қойылатын сұрақтарды мына электронды minfin@minfin.gov.kz мекен-жайға алдын-ала жіберуге болады.

Кері байланыс үшін өзіңіздің деректеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.

Сіздің сұрағыңызға жауап жұртшылықпен есепті кездесу өткеннен кейін Қаржы министрінің сайтында www.minfin.gov.kz орналастырылатын болады
Call center: 8 (7172) 71-76-32, 71-77-74

Барлық тілек білдірушілерді  кездесуге қатысуға шақырамыз!

Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2017 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс қорытындылары

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті  есепті мерзімде мемлекеттік бюджеттің сапалы және уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттердің атқарылуына қазынашылық қызмет көрсету және мемлекеттік мекемелермен жүргізілетін жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында  бірқатар жұмыстар атқарды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық органдарында  жұмыс қалай атқарылды.
2017 жылдың 01 сәуір жағдайына қарасты 1617 мемлекеттік мекемеге, атап айтқанда:
-131 республикалық  бюджеттегі мемлекеттік мекемеге,  оның ішінде ерекше тәртіппен жұмыс істейтін 14 мемлекеттік мекемеге;
-1486 жергілікті  бюджеттегі мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілді.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 33 қолма-қол ақшаны бақылау шоты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына 252 қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылды.
2017 жылдың 01 сәуір жағдайы бойынша облыс бойынша (РБ қоса алғанда) мемлекеттік бюджет кірісіне 136 285,0 млн. теңге түсіп, 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кірістер 18 104,6 млн. теңгеге, немесе  или  15,3% өсті.
91 782,1 млн. теңгеге мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстары жүргізілді (РБ қоса алғанда), 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда шығыстар 11 782,5 млн. теңгеге, немесе 11,3% азайды.
Облыс бойынша жергілікті бюджет кірісіне 82 361,5 млн. теңге түсіп, 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кірістер 5 911,4 млн. теңгеге, немесе  или  6,6 % өсті.
74 966,0 млн. теңгеге жергілікті мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстары жүргізілді (РБ қоса алғанда), 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда шығыстар 5 960,2 млн. теңгеге, немесе 7,4% азайды.
Есептік кезеңде облыс бюджеті 98,7%-ға игеріліп, төлемдер  бойынша жоспарда  ескерілген 58 365,7 млн. теңгенің нақты шығысы              57 574,6 млн. теңгені құрады (17 391,4 млн.теңге өзара өтелетін операцияларынсыз). 
2017 жылдың 1 тоқсанында  14402 (Департамент2145, аумақтық органдар 12257) қаржыландыру жоспары, оларға өзгерістер енгізуге арналған анықтама қабылданды. 2719 - қайтарылған (Департамент - 99, аумақтық органдар -2620).
12645 (Департамент-4729, аумақтық органдар7916) азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім қабылданып, 1210 (Департамент–637, аумақтық органдар -573)  қайтарылған.
175657 (Департамент - 43726, аумақтық органдар - 131931) ұлттық валютадағы төлем шоты түскен. Оның 8666 қайтарылған (Департамент - 2561, аумақтық органдар -6105).
Есептік  кезеңде  902-шот бойынша салыстырылып отырған кезеңнен 809 төлем құжатына артық өткізілді.
Мемлекекеттік мекемелердің 11 валюталық төлем шоты қабылданды. ҚБАЖ жүйесі арқылы қайтарулар мен ауыстырулар бойынша – 4413 төлем құжаты қабылданды, оның ішінде  Қазынашылық-Клиент ақпараттық жүйесі арқылы -2127 қабылданып, 41-қайтарылған.

Ұйымдастыру жұмыстары бойынша

2017 жылға бекітілген Медиа-Жоспарға сәйкес, облыстық  бұқаралық ақпарат құралдарында Департамент басшылығының және аудандық қазынашылық органдары басшыларының аудандық қазынашылық органдарының жұмыс қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы 7 мақаласы жарияланды. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтардың алдын алу туралы 3 мақала жарық көрді.

 Құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағына жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті мен ШҚО тілдерді дамыту басқармасына тиісті ақпараттар ұсынылады. Мемлекеттік тілде жіберілген шығыс құжаттарының саны  99 %-ды құрады.
2017 жылдың қаңтар айында ШҚО бойынша қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу мәселесі жөнінде түсіндіру семинары өткізілді.
2017 жылдың 20-21 ақпан аралығында республикалық ақпараттық топтың мүшесі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Байғужина Өскемен қаласына келіп, қазынашылық органдарының қызметкерлерімен кездесті. Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Байғужина Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерге орай экономикасы өркендеген және алдыңғы қатардағы 30 елдің қатарына ену жөніндегі бес басымдық туралыегжей-тегжейлі әңгімеледі, оларды іске асыру барысы талқыланды. Айгүл Байғужина елімізді жаңғырту үшін ең алдымен ауқымды қоғамдық қолдау және мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру қажет екенін атап өтті.
Облысымыздың қазынашылық қызметкерлері республикалық топ мүшесіне Елбасының Қазақстан халқына Жолдауымен мұқият танысқандарын, Мемлекет басшысы  белгілеген ел дамуының  бағытын толық қолдайтындарын жеткізді.  

Штат саны бойынша
Қазынашылық департаментінің штаттық саны 301 бірліктен тұрады, оның ішінде Департамент аппаратында – 103, аумақтық қазынашылық органдарында – 198 адам жұмыс істейді.
Есепті кезеңде   барлығы 4 конкурс, өткізілді. Конкурс қорытындылары бойынша  2 мемлекеттік қызметші жұмысқа қабылданды.
2017 жылдың ақпан айында ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің  210 қызметкері (Департамент-75, аумақтық орган -135) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізу тестілеуінен өтті.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 14.06.2017