«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Саданов Мади Амангельдиевич

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070002, город Усть-Каменогорск, Ворошилов көшесі, 152

Телефоны: 8-7232-22-28-66

Азаматтарды қабылдау: әр күн сайын сағат 09-00 ден сағат 18-30-ге дейін

  Виртуалдық қабылдау ЭҚО

Департаменттің негізгі міндеттері:

–мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік келпілі саласындағы қызмет, сонымен қатар жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын жылжымайтын мүлік объектілеріне салық салу үшін оны бағалау;

Департаменттің негізгі қызметі:

– жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру; 

– жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақ зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақ бағалауды жүргізуді қамтитын жердің сапасын есепке алу; 

– мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жер санын, жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу; 

– жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау; елді мекендерде жер телімі үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтар шекараларының сызбаларын жасау; жер телімі үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты есеп мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындарды анықтау; 

– жер телімдері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз тасығышта және электронды түрде жинақтау, өңдеу және жүргізу; 

– мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу; 

– жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу; 

– жер-кадастрлық кітапты және жердің біріңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу; 

– жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттарын жасау және беру;

– жер-кадастрлық жоспарды дайындау;

–жер телімдеріне кадастрлық нөмірлер беру;

– жер телімдеріне төлқұжаттар дайындау;

– жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қоры жерінің шекараларын белгілеу; 

– жер пайдалануды қалыптастыру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерді қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жерден жер телімдерін ұсынған кезде жергілікті жерде олардың шекараларын белгілеу; 

– мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер телімдері бойынша шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобаларын әзірлеу; 

– жерге түгендеу жүргізу;

– Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарын бастапқы және кейінгі тексеру, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беру; 

– міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыру; 

– міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету; 

– бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерін салық салу үшін міндетті бағалау. 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 02.03.2017