Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы

Лауазымы: Басшы

Нұрғазиев Асқар Қисаұлы

1956 жылдың 8 қыркүйегінде ШығысҚазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылында дүниеге келген. Мамандық бойынша біліктілігі «Тарих және педагогика» – Тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі, тәрбие жөніндегі әдіскер.

Еңбек қызметі:

23.08.1978-01.12.1981 - Өскемен қаласының № 33 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі;
02.12.1981-26.03.1992 - Комсомол, партия және советтік органдарда қызмет етті;
24.04.1992-31.07.1993 - «Бірлік» кооперативі төрағасының орынбасары, «Сенiм-Доверие» шағын кәсіпорнының директоры, Өскемен жол-құрылыс институтының бас ғылыми қызметкері;
02.08.1993-03.07.2006 - Өскемен қалалық әкімдігінің ішкі және әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі, Өскемен қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Өскемен қаласының ішкі саясат және әлеуметтік аясы бөлімінің басшысы, «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ меңгерушісі;
03.07.2006-13.02.2009 - ШҚО Өскемен қаласы «Директорлар кеңесі» аймақтық одағының үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасар;
16.02.2009-19.06.2009 - Өскемен қаласы «БИПЭК АВТО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің перспективті даму бөлімінің бөлім басшысы;
22.06.2009-09.08.2013 - «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ – қала әкімі бас инспекторының міндетін атқарушысы, «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ – Өскемен қаласы әкімінің бас инспекторы, «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары;
12.08.2013 - ШҚО білім басқармасының басшысы.

2015 жылғы 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері

1. Хатшылықтың  жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді.

2. Облыс әкімі  аппаратының өзге бөлімдерімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді.

3.Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді.

4. Хатшылықтың құзіретіне жататын сұрақтар бойынша облыс әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын енгізеді.

5. Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының тілдерін қолдану мониторингін жүргізеді.

6. Достық үйлерінің, этномәдени бірлестіктерінің, Ассамблея мүшелерінің қызметтерін үйлестіреді.

7. Хатшылықтың жұмысына сараптама жүргізеді, оны жетілдіру үшін ұсыныстар дайындайды.

8. Хатшылықтың құзіретіне жататын сұрақтар аясында мемлекеттік органдардың қызметіне  әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. 

9. Облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарларына этносаралық сұрақтар бойынша  кеңестер береді.

10. Хатшылықтың жұмысына ақпараттық және ғылыми мекемелерді, сараптама-талдау құрылымдарын, жеке сарапшыларды тартады.

11. Хатшылықтағы іс-қағаздары номенклатурасының жүргізілуін бақылайды.

12. Жеке сұрақтар бойынша ШҚО ҚХА Төрағасының тапсырмаларын орындау мақсатында жұмыс тобын құруды ұйымдастырады.

13. Хатшылықтың құзырлығына жататын сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады.

Өз қызметін жүзеге асыру барысында хатшылық меңгерушісі  ішкі еңбек тәртібін сақтауға міндетті және қолданыстағы заңнамада қарастырылған белгілі іс-қимылдар жасауға барудан бас тартуы тиіс.

  Қабылдау телефоны: 26-23-06
  Е-mail: a.nurgaziev@akimvko.gov.kz

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 22.12.2011 / 16.11.2015