Терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім

Лауазымы: Бөлім басшысы

Тұтқушев Қуанышбек Тоқтағулұлы

Тұтқышев Қуанышбек Тоқтағұлұлы 1986 жылы 5 тамыз күні Семей қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.  2008 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын  «Тарих» мамандығы бойынша, 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

-       2008 жылдың 1 қыркүйегінен 2009 жылдың 27 тамызына дейін Семей құрылыс колледжінде оқытушы лауазымында еңбек еткен.

-       2009 жылдың 29 тамызынан 2014 жылдың 16 қыркүйегіне дейін Шақаман орта мектебінің  оқытушы лауазымында еңбек еткен.

-       2014 жылдың 17 қыркүйегінен 2015 жылдың 27 мамырына дейін «Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы лауазымында еңбек еткен.

-       2015 жылдың 28 мамырынан 2017 жылдың 1 қарашасына дейін «Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы» ММ-нің діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы лауазымында еңбек еткен.

-       2017 жылдың 1 қарашасынан 2018 жылдың 10 шілдесіне дейін «Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы» ММ-нің діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы лауазымында еңбек еткен.

-       2018 жылдың 11 шілдесінен 2019 жылдың 22 қаңтарына дейін ШҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы лауазымында еңбек еткен.

-       2019 жылдың 23 қаңтарынан ШҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы лауазымында еңбек етуде.

Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.

Лауазымдық міндеттері

1.Бөлімге жалпы басшылық етеді;

2. Бөлімнің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттіктерін анықтауға;

3. Облыс әкімі аппаратының  басшысына бөлімнің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар беруге;

4. Бөлімнің жұмысын  жоспарлауды қамтамасыз етеді;

5.  Облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара іс-әрекеттесуін  қамтамасыз етеді;

6. Облыстық әкімдік пен облыс әкімі аппаратының іс-шараларына ұсыныстар енгізеді;

7.Бөлімнің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша әкімнің және облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері жобасын енгізеді;

8.  Қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және экстремизмге, адам саудасына қарсы күрес құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыстық әкімдік пен облыс әкімі актілерінің, облыстық мәслихаттың шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

9. Қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және экстремизмге, адам саудасына қарсы күрес, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелеріне қатысты әкімдік қаулысының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеуге, әкімдік мәжілістерінде, облыстық активтерде, құқық қорғау органдары басшыларымен кеңестерде бөлімнің бағыты бойынша мәселелер дайындауды ұйымдастыруға қатысады:

10.Жергілікті жердегі әкімдер аппараттарының, құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты нығайту мәселелері бойынша жұмыстарын талдайды және үйлестіреді, оларға проблемалық мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсетеді;

11. Облыстағы криминогендік жағдайды бағалау, облыс әкімінің аппарат басшысын  ол  жөнінде ақпараттандыру  бойынша жұмысты ұйымдастырады;

12. Қылмысқа қарсы күрес және құқықты тәртіпті нығайту бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына басшылық етеді;

13. Бөлім қызметкерлерін жоғарлату, ынталандыру және жаза белгілеу жөнінде,  оларға кезекті демалыс ұсыну және оларды қызметтік іссапарға жіберу туралы ұсыныстар енгізеді;

14. Облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдарының, өзге де мекемелер мен ұйымдар кеңестерінің жұмысына қатысады;

15. Бөлімдегі істер номенклатурасының жүргізілуін, бөлім қызметкерлерінің құпия режимін сақтауларын қадағалайды.

Бөлімнің басшысы өзінің қызметтерін жүзеге асыру барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес, белгілі бір іс-әрекеттерге барудан бас тартуға  және ішкі еңбек тәртіп ережесін сақтауға міндетті.

  Қабылдау телефоны: 71-31-86
  Е-mail: k.tutkushev@akimvko.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 22.12.2011 / 19.02.2019