Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі

Лауазымы: Бөлім басшысының міндетін атқарушы

Шаянбаев Жәнібек Қыпышұлы

Шаянбаев Жәнібек Қыпышұлы, 1963 жылы 8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келді, қазақ, білімі жоғары, 1987 жылы Өскемен педагогикалық институтын, 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдады, мамандығы бойынша біліктілігі:  физика және математика, физика және математика пәндерінің оқытушысы, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдастырушы-экономисті.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы Абай атындағы орта мектебін 1981 бітірген, 1982-1987 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында Өскемен педагогикалық институтының студенті болды.
1987-1988 жылдары  Шығыс Қазақстан облысы Ақжар ауылында Тарбағатай аудандық атқару комитетінің әкімшілік комиссиясының жауапты хатшысы, 1988-1995 жылдары Тарбағатай аудандық жоспарының экономисті, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында Тарбағатай аудандық әкімшілігінің экономика комитетінің экономисті, 1994-1997 жылдары Тарбағатай аудандық әкімшілігінің бағаны бақылау жөніндегі комитетінің                       инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы Ақжар ауылында Тарбағатай және Зайсан аудандарының баға және монополияға қарсы саясат бойынша мемлекеттік комитетінің бас маманы, 1997 жыл мен 2017 жылдың қыркүйегі аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып 2017 жылғы 4 қыркүйекте тағайындалды, 2015 жылдың қарашасынан осы уақытқа дейін осы бөлім басшысының міндеттерін атқарды.

Үйленген, қызы мен ұлы бар.

Лауазымдық міндеттері

Тікелей облыс әкімі аппараты басшысының басшылығымен жұмыс істейді;
-бөлімнің жұмысына басшылық жасайды және ұйымдастырады және бөлімге міндеттелген тапсырмалар мен функцияларға дербес жауапкершілік жүргізеді;
-бөлімнің әр жұмыскерлерінің міндетін және лауазымдық өкілеттілігін анықтайды;
-бөлімнің облыс әкімі аппаратының басқа да құрылымдық бөлімдерімен қарым-қатынасы жұмыстарын жоспарлауды қамтамасыз етеді;
-облыс әкімі аппаратының Президент, Үкімет, Парламент, Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомствалары, құқық қорғау органдары, бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз ету;
-облыс әкімі, әкім орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басқарушысының тапсырмаларының орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді;
-орындаушылық тәртіптің жағдайы бойынша облыс әкімі және облыс әкімі аппараты басшысының атына ақпарат, жазба хаттарды дайындайды;
-аппараттың, облыс әкімінің, облыстық басқармаларының негізгі іс-шараларының ай сайынғы жоспарын дайындайды;
-әкімшілік және облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді;
- азаматтардың ауызекі өтініштері мен шағымдарын қарастыру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
-қалалар мен аудандар әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулерін өткізуді қамтамасыз етеді;
-бөлім кадрлерін топтауға және орналастыруға, облыс әкімі аппаратының басшысына біліктілікті көтеру, жоғарлату, жұмысшыларды мадақтау және шара қолдануға, кезекті демалыс беруге және оларды қызметтік іссапарға жіберу бойынша ұсыныстар дайындауға қатысады;
-сайлауға дайындалуды және өткізуді ұйымдастырады, тоқсан сайын ОСК, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы және облыстық мәслихатпен әрекеттесіп сайлаушылар тізіміне салыстыру жүзеге асырады;
-бөлімдегі іс номенкулатурасын, бөлім жұмысшыларымен құпиялық режимінде жүргізуді ұйымдастырады;
-облыс әкімі және облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмаларына сәйкес, құрылымдық бөлімдердің басшыларына және облыс әкімі аппаратының жұмысшыларына, мемлекеттік мекемелер мен органдарының жауапты тұлғаларына орындауға міндетті тапсырмалар береді;
-бөлім жұмысшыларын облыстың қалалары мен аудандарына бекітеді;
-облыс әкімі, оның орынбасарлары, облыс әкімі аппараты басшысының атына өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша ақпарат және қызметтік жазба хаттар дайындайды;
-қалалар мен аудандар, ауылдық округтер әкімі аппаратының қызметіне кешендік тексерулерді ұйымдастырады, олардың жұмысының стилі мен әдісін жетілдіруіне көмек көрсетеді. Тексеру қортындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға және жауапты тұлғаларға жаза қолдануға шара қолдану ұсынысын енгізеді;
-әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелерімен айналысады;
-ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің меңгерушісі жоқ болған жағдайда, оның міндетін облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен облыс әкімі бас инспекторларының біреуі атқарады.

  Қабылдау телефоны: 71-31-40
  Е-mail: e.shurmanov@akimvko.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 22.12.2011 / 15.09.2017