Бесқарағай ауданы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Тарихи анықтама

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

Бесқарағай ауданы – Шығыс Қазақстан облысының 19 аумақтық бірліктерінің бірі, облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан аудан болып саналады. Әкімшікліктік бірлік ретінде 1926 жылы Павлодар облысының құрамында құрылған.

Аудан қазіргі уақытта солтүстігінде Ресей Федера-циясының Алтай өлкесінің Углы және Михайловка аудан-дарымен 89 ұзындықта, батысында Павлодар облысының Лебяжі ауданымен, оңтүстік –батысы Курчатов қаласымен және оңтүстік –шығысы Қазақстан Республикасының Семей қаласымен шекаралас орналасқан.

Аудан 1959 жылға дейін Павлодар облысы құрамына, 1997 жылға дейін Семей облысының, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізілді.

Аудан ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді, астық, майлы және бақша дақылдарын өндірумен, сүтті мал шаруашылығымен, халық тұтыну тауарларын, орман шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдерін өндірумен айналысады.

Ауданда 547-  шаруа қожалықтары тіркелген.

Аудан аумағында 6 өңірлік мемлекеттік мекемелер «Семей орманы» орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі-390,8 мың га алқаппен, «Дорожник» ЖШС, аудандық электр жүйесі, Қазақтелеком, Қазпошта, мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорны шаруашылықты  жүргізу орналасқан.Тарихқа көз жүгіртсек, ХҮІІІ ғасырдың басында І Петр кезіндегі орыс мемлекеті Шығыс елдерімен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтты. 1714 жылы Ертісте қорғандардан, форпостар мен бекіністерден тұратын. 1718 жылы  Ертісте Семей қорғаны қалыптас-тырылды. Осы уақытта қазіргі Бесқарағай ауданының аумағында Жетіжар, Долон фарпостары; Грачи, Известка, Черемуха бекіністері және Ертістің қапталында басқа да нығайтқыштар пайда болды.
Бесқарағай ауданы – ол Семей Ертісі. Ол бұрынғы арғын мен уақ руларына Орта жүз көшпенді қазақтарының жерлерінде орналасқан. Ауданның бедері тегіс. Кейбір жерлерінде ғана 6-10 метрдей биіктікпен соқпақтар кездеседі. 
Ауданның солтүстік – шығысы мен шығысына биіктігі 200-351 метр болатын Белағаш қыраты созылып жатыр, ол Құлынды даласымен өтіп, Алтай тауымен жалғастырылып жатыр.

 Ауданның батысында Ертіс өзені өтеді. Ертістің оң қапталы жыралармен бөлінген тізбектерден тұрады. Ертістің құмды алқапатырында белдеулі ормандар өседі. Бұндай алқаптар ауданда негізінен бес. 
«Бесқарағай ауданы» өзінің атауын өте сирек кездесетін көне белдеулі бес орманға сәйкес алды. Аудан аумағы Семей ядролық полигонның аумағымен тығыз байланысты, себебі 1949 – 1990 жылдары ядролық қаруларды жер асты және аспан арқылы тексеру жүргізілді. «Семей ядролық полигонның ядролық сынауынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Заңы бойынша ауданның төрт елді мекені төтенше, ал қалған аумақтары максималды аумаққа жатқызылды.

ТАБИҒАТЫ, ӨСІМДІКТЕРІ, ЖАНУАРЛАРЫ

Пайдалы қазбалары рудты емес қазбалардан тұрады, олар отқа төзімді саз балшық, ірі құм, құрылыс құмдары, жылтыр тас, әк, әртүрлі бояулар және ауданның солтүстік қапталының бөлігінде сирек жер темірлері табылды, бір-ақ жер қоймалары төмен зертелуде.

Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Қаңтар айында орташа температурасы-17С, кейде-45С-дейін жетеді. Жазы ыстық, құрғақ. Шілде айында орташа температурасы-21 градус ыстық. Қысы-қатты боранды, жазы-шаңды дауылды. Орташа жылдық ылғалы 275-300 мм. Өсімдіктердің өсіп-өнуі және даму кезеңі 140 күн, бұл көптеген дәнді дақылдар мен көкөністердің және бақша дақылдарының пысуына қолайлы.Су қоры Ертіс өзені. Аудан аумағындағы Ертіс құйылы-мының кейбір жер асты және жер үсті бұлақтары ғана бар.

Кіші және үлкен Канонерка көлі, үлкен, кіші және шағын Шошқалы (Теңгіз соры) көлдері емді, олар Пав-лодар облысының Моялды көліне ұқсас. Тұзды суда 70 пайыз хлорлы –натрилы қоспа, 40 пайызы борма –терапия-лық маңызды негізі бар. 164 г/л балшықты минералдан құралады, судың қысымы +38, +42 градус.

Бұл көлдің қасиетті суы әлемдік курортарға теңестрі-леді: «Трускавец», «Новая Русса» және басқалары, бұлар әр түрлі аурулар үшін емді.Ауданның табиғи аумағы – дала - шөпті және орман алқапты. Ертістің сол қапталында Қазақтың төбешіктер басталады. Ауданның гидрогеологиялық ерекшелегі ол тұщты жер асты суларының жиналған жерінде орналасқан.Өсімдік әлемі (өсімдіктер) бай және әр түрлі. Ертіс маңында бос терек, қара терек, көк терек, тал шыбық, аққайын, черемуха, долона, ырғай, шәңгіш жидек және басқа да өсімдіктер. Дәрлік шөптер күнделікті өседі.

Белдеулі орманда аққайын - көк терек алқаптарында қарағай, аққайын, көк терек, қарағаш, итмұрын, тобылғы, үйеңкі өседі.

Жануарлар әлемі (жануарлар) әр түрлі. Дала алқаптарында: атжалман, мұжыма тышқан, орман тышқандары, қояндар мен ақтиындар мекендейді. Күнделікті салпан құлақ кірпі, қасқыр, түлкі, сұр күзен, борсық, саршұңақ және басқалар кездеседі. Жер бауырлы кесіркелер, улы сұр жыландар, сарбас жыландар топтары және басқалар кездеседі.

Белдеулі ормандарда орманның жануарлары да кездеседі, олар ұшатын тиындар, қояндар, түлкілер, қасқырлар, еліктер, бұландар мекендейді және сілеусіндер кездеседі. Құстар әлемі бай және әр түрлі болып кездеседі. Боз торғайлар, лашындар, қара тағандар, боз торғайлар, сасық көктер, сауысқандар, қарғалар, көгершіндер, торғайлар, ұшатын құстар: қаздар, аққулар, үйректер және басқа да құстар мекендейді.

Ертіс жағалауларында, су айдындарда, көлдерде ондатырлар кездеседі. Ертіс және Канонерка көлде-рінде балықтар дамыған, табанды, қара балықтар, ала бұғалар, шортандар, шабақтар, лақалар, сүйріктер ме-кендейді.  БЕСҚАРАҒАЙ ОСЫ УАҚЫТТА

Бесқарағай аудан аумағында 20049 адамдар тұратын, 28 ұлттар өкілдері мекендейтін 10 ауылдық округ бар. Аудан халықтарына 1- аудан орталық ауруханасы, 1- өкпе ауруына қарсы кабинеты, 7- дәрігерлік амбулатория,16 –медецина пукты,   3- фельдшерлік – акушерлік пункті, 19 - кітапханалар,  4 бала – бақша , 8- шағын орталығы,  1- колледж, 3 - клуб, 1-  Мәдениет үй,  21- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызмет көрсетеді.

Аудан ауылдарында 28 жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді, онда

2937 оқушылар білім алады, барлық мектептер компьютермен жабдықталған, интернетке қосылған. Саз мектебі, балалар-жасөспірімдер мектебі, шығармашылық үйі жұмыс істейді. Жазғы кездерде ауданда Ертіс жағалауында 150 балаларға арналған сауықтыру - спорт лагері жұмыс істейді.

2015 жылы Бесқарағай ауданында  90 орынға  «Айналайын» бала – бақшасы ашылды және 2015 жылғы 2 бала-бақшасы ашылды олар Глуховка (20 орынға), Беген (20 орынға) ауылдық округтерінде.  

Ауданда екі тілде 3061 дана басылыммен «Бесқарағай тынысы» қоғамдық – саяси газеті шығарылады. «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінде «Дін-имандылық негізі» айдары бар,  2014 жылы 74 материал жарияланған, қорытындысында Діндер істері жөніндегі басқарма конкурсының  ШҚО облысы  әкімінің  жүлдесі «Үздік газет 2014 жыл »  ие болды.

Аудан сүт, ет, картоп, көкеніс, бақша дақылдарымен және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерімен Семей қаласының халықтарын қамтамасыз ететін қала маңындағы аудан боп табылады.

Ауданның басты байлығы, оның адамдары, олардың арқасында ол туралы Қазақстан ғана емес басқа да мемлекеттер біледі.

Ұлы Отан соғысы жылдары Отанды мыңнан аса бесқарағайлықтар қорғады. Олардың үшеуі Кеңес Одағының Батырлары атанды, олар С.А.Елистратов, И.И.Корнев, М.Қайырбаев. Мұнда Социалистік еңбек ерлері – К.Жингелбаев, Е.Қонақов, С.И. Щевцов еңбек етті. Аудан тұр-ғындары жерлестері, капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған А.Г.Белоусовты естен шығармайды. 54 адам Тәжік – Ауған шекараларында өз борыштарын атқарды, олардың ішінде өлгенен кейін «Қызыл жұлдыз» ордендерімен - К.М.Қалтаев, Белякин Н.Г. , И.А.Диц К.Т. Нұртазин - «Қызыл жұлдыз» орденімен, «1,2 дәрежелі шекара әскерлерінің ең үз-дігі» төс белгісі, «Ауған халықтарынан интернацио-налис-жауынгерлер» медалімен, «Қазақстан Демокра-тиялық Ауған Республикасынан әскерлерді шығарға-нға 15 жыл» өлгенен кейінгі куәлігімен марапатталды.

Ертістің сол жағалауындағы Бөдене ауылында өзінің ақындық талантын дарын еткен Әмре Қашаубаев өмір сүрді. Елуінші жылдары өзінің жерін Мәскеу, Алматы қалаларында өткен ақындар айтысында танытып, жеңімпаз атанған халық ақыны Нұрлыбек Баймұратов өмір сүрді.

Өздерінің шығармашылық дарындарын өз өлкелеріне деген сүйіспеншілігін таныта білген ақындар Канонерка ауылынан Михаил Балыкин, Беген ауылынан композитор Төлеген Мұхамеджанов және Болат Қабылбаев Жетіжар   ауылынан, Өндіріс ауылынан Жолон Дастенов, Беген ауылынан киноартисі Ментай Утепбергенов және басқа да ғалымдар және ғылыми қызметкерлер.

Аудан орталығында Бесқарағай колледжі жұмыс істейді, онда тігінші, киім пішуші, механиза-торлар, слесарлар дайындайды, автомобиль мектептері және «Отан» қоғамдық ұйымы жұмыс істеп, одан барлық категориялар бойынша жүргізушілерді шығарады.

Бүгінгі уақытта аудан орталығында композитор және ақын, 70-ден аса өлендердің авторы Қайлаш Нұрғазин тұрады.

Ауданның волейбол құрама командасы 2000 жылы Астана қаласында Қазақ-стан Республикасының жазғы ауылдық ойындарында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, үшінші орынды иеленді. 20 жыл ішінде аудандық Мәдениет үйі-нің «Экситон» би тобы «Халық» белгісінің иегері, бұл атақты 2004 жылы «Черодей» би ансамблі «Үлгілі» бел-гісін алды.

Қазақстан Репсубликасының Тәуелсіздігі жылы бесқарағайлықтар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» жоғары үкіметтік наградаларымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медальдарымен 33 адам, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 1 адам, 14 бесқарағайлықтар Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

3 дәрежелі «Айбын» орденімен-54 өрт сөндіру бөлімінің маманы Сергей Владимирович Белякин орман күзеті және жануарлар әлемі жөніндегі Беген мекемесінің аумағында 2002 жылы 27 мамырда болған ірі өртті сөндіру кезіндегі батылдығы үшін марапатталды.

Ол өзінің антын және қызметтік парызын аяғына дейін, қызметтік автокөлікті және ондағы адамдарды құтқара адал атқара білді.

«Ерлігі үшін» медалімен Беген орман шаруашлығының жұмысшысы Зайкенов Дүйсембай Төленбекұлы (өлгенен кейін), 54-ӨБ маманы Изатов Мақсат Алтайұлы осы ірі өртті сөндіруге қатысқандары үшін мараптталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен фермер және кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін «Восток» шаруа қожалығының басшысы Тұнғұшпаев Мұхтар Сұлтанұлы марапатталды.

2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен  Мотышев Еркин және Мукинов Хабидулла Кабдулаевич марапатталды.

2015 жылы мемлекет алдындағы қызметі , қоғамдық белсенді қызметі  және  Ұлы Жеңістің  70 – жылдығына орай «Құрмет» орденімен Гуслева Константина Степанович, Қазақстан Республикасы Алғыс хатымен Багдатова Майра марапатталды.

Қоғамдық - саяси жағдай.

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында 11 бастауыш партия ұйымында 1983 партия мүшелері және «Жас Отан» жастар қанаты бар.Жыл сайын аудандық филиал жергілікті органдармен және аудан жастарымен  партиялық жобалар аясында коптеген іс-шаралар өткізуде.

2007 жылы Бозтал мешіті салтанатты ашылды. 2013 жылы Бесқарағай ауылында шіркеу ашылды.

 Ауданда 8 мұсылман мешеті жұмыс істейді, 2 православияндық бірлестік  және1 христиан-баптистердің евангелдік қоғамы бар.

Аудан аумағында «Арна», «Микрокредит» үкіметтік емес ұйымдар, «Бесқарағай әйелдері» қоғамдық ұйым, «Береке», «Арна», «Бірлік», «Рамадан», «Белуха» белсенді топтары тіркеліп, өз қызметтерін іске асыруда. Олардың міндеттері әлеуметтік проблемаларды шешу, әйелдер инициативтерін жандандыру, жас ұрпақтармен жұмыс жасау, патриоттыққа тәрбиелеу, балалардың дене шынықтыру, мәдениеттілік, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Ауданның құрылған жылы 1928 жыл.

Әкімшіліктік орталығы Большая Владимировка ауылы (Борас), халықтар саны 4484  адам, аумағы 11,4 мың қашықтық немесе 4,1 пайыз Шығыс Қазақстан облысынан.

Ауылдық округтер саны – 10
Елді мекендердің саны – 30
Облыс орталығынан арақашықтығы – 320 км.
Ең жақын темір жол станциясының арақашықтығы 80 км, Семей қаласы.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 06.06.2016