Аягөз ауданы әкімінің аппараты

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070200, Аягөз қ., Абай бульвары 14

Телефоны: 7-2237-3-33-13

Сайты: ayagos.vko.gov.kz

E-mail: akim.ayaguz@mail.ru

Аудан туралы

Аягөз ауданы 1928 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы Аягөз қаласы статусын 1937 жылы алды. Жер көлемі 49558,03 шаршы километр. Аягөз ауданы облыстың оңтүстік жағында орналасқан. Батыста – Қарағанды облысымен, оңтүстікте – Алматы облысымен, солтүстікте – Абай, Жарма аудандарымен, шығыста - Үржар және Тарбағатай аудандарымен шекараласады. Ауданның халық саны 74,0 мың адам, оның 50,7%-ы қалада, қалған 49,3%-ы ауылда тұрады. Қазақтар бүкіл халықтың 98,6% құрайды. Ауданда 21 селолық және 1 кенттік округ бар. Ауданның шекарасы бірқалыпсыз қоныстанған. Халықтың ең көп қоныстанған жері солтүстік-шығыс және шығыста. Ал ең аз қоныстанғанжеріоңтүстік-батысауылдықокругтер.

Аудан экономикасында алдыңғы орынды теміржол мекемелері, энергетика, жылу, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сауда және коммуналдық шаруашылық иеленеді. Аудан орталығы Аягөзқаласы Түркістан-Сібір магистралі теміржолының ірі бөлігімен, автомобиль жолдарының маңызды қиылысқан жерлерінде орналасқан. Мұнда локомотив және вагон жөндеу деполары, байланыс, белгі беру және жол дистанциялары, азаматтық құрылыс және сумен қамтамасыз ету кәсіпорындары орналасқан. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету де ең басты роль атқарып отырған коммуналдық шаруашылық, жылу, энергия және су–канализация мекемелері бар. Аягөз қаласын солтүстікке қарай Ресей, Семей және Өскемен қалалары мен, шығысқа Зайсан бағытына, батысқа Баршатас арқылы Қарағанды қаласына байланыстыратын автомобиль жолдары бар. Ал оңтүстікке қарай Талдықорған және Алматы қалалары, Қытай Халық Республикасына қатынасуға болады.

2016 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық өнімдері 2771,9 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда 12,4%-ға артты. Ағымдағы жылдың 3 айында ауданда 3430,8 тонна ет (тірідей салмақта), 8899,0 тонна сүт, 829,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. Барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша 75307 ірі қара бас, оның ішінде аналығы 37100 бас, қой мен ешкі 292761 бас, жылқы 28144 бас, құс 35647 бас. 2016 жылдың 3 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 5613,7 млн. теңгені құрап, былтырғыжылдың сәйкес кезеңіне қатысты (1057,8 млн. теңге) 530,7% құрады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 201 азамат жұмысқа орналастырылды. Тіркелген жұмыссыздар саны 296. Жұмыссыздықтың ресми деңгейі 0,8% құрайды. Құқық қорғау органдары бойынша 2016 жылғы 3 айда 160 қылмыс тіркелген, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (248 қылмыс) 64,5% құрады. Ашылу деңгейі 94,6%. Қазіргі уақытта аудандық орта білім жүйесінде 41 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі және 10 балабақша, 1 өнер мектебі бар. Оның ішінде: 34-і орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 6-ы шағын комплектілі бастауыш. Барлығы 14100 оқушы білім алады. Барлық мектептер компьютерлендірілген.

Аудан тұрғындарына әртүрлі емдеу – профилактика мекемелерінен медициналық көмек көрсетіледі. 18 жекелеген жанұялық - дәрігерлік амбулаториялар, 26 медициналық пункттер, 2 ауылдық аурухана, 1 тубдиспансер, 1 тіс емханасы, 1 қалалық, 1 аудандық аурухана бар. Ауданда 46 мәдениет мекемелері бар. Оның 21-і клуб, 23-і кітапхана, мәдениет үйі және 1 мұражай. Мәдениет үйлерінің материалдық базалары жақсартылған.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 02.06.2016