Жарма ауданы

Лауазымы: Әкім

Нұрғожин Ахметқали Ахашұлы

1966 жылдың 25 мамырында Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Щедруха кардонында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, екі жоғары білімі бар. Нұр Отан партиясының мүшесі.
Еңбек жолын 1983 жылдың 9 қыркүйегінде Бесқарағай ауданында авто көлік паркінде I санатты слесарь, бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданының «Башкуль» совхозында жүргізуші болып бастаған. 
1991 - 1997 жылдары Бесқарағай ауданында бас агрономы.
2001 - 2002 жылдары Бесқарағай ауданының жер қатынастар инспекциясының бас маманы.
2005 - 2007 жылдары құрылыс тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
2007 - 2008 жылдары Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары.
2008 - 2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары.
2015 - 2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасының орынбасары.
2016 - 2019 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды.
2019 жылдың 29 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен  Жарма ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері

Аудан бойынша жалпы бақылау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің шешімдерімен өкімдерді орындау жөнінде стратегиялық және ағымды міндеттерді, ауданның экономикалық және әлеуметтік даму міндеттерін шешу, басқару құрылымын оңтайландыру. Кадрлық саясатты жүргізеді. 
Бюджетті қалыптастыру жұмысын басқарады, жергілікті бюджетке кірістерді уақытында түсетіндігіне бақылау жасайды және бекітілген бюджеттік бағдарламаларына сәйкес бюджет құралдарын пайдалануын қамсыздандырады. 

Тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы жоғары органдарға ұсыныс енгізеді. 
Аумақтық бірліктер әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді. 
Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді. 
Прокуратура, сот, ішкі істер бөлімі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары, қаржы полициясы аралығында ұйымдастыру байланысын жүзеге асырады. 
Қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын бақылайды.

  Қабылдау телефоны: 6-52-22
  Факс: 6-51-88

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 04.05.2019