Зайсан ауданы

Лауазымы: Әкім

Ақтанов Серік Қасымбекұлы

1960 жылғы 1 тамызда дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары.

Білімі:

1983 жылы Өскемен құрылыс-жол институты "Автомобиль жолдары" мамандығы, инженер-құрылысшы;

1990 жылы Мәскеу автомобиль-жол институтының аспирантурасын тәмамдаған.

Техника ғылымдарының кандидаты.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын Зайсан қаласының № 553 жол-пайдалану учаскесінің жол шебері болып бастады.

1984-1987 жылдары - Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы жалпы техникалық факультетінің, "Автомобиль жолдары" кафедрасының ассистент, стажер-зерттеушісі;

1987-1990 жылдары Мәскеу автомобиль-жол институтының аспирантурасында білім алып, кейіннен Өскемен құрылыс-жол институтының "Автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннельдер" кафедрасының ассистенті қызметін атқарды;

1992-1999 жылдары жеке меншік компанияларды басқарды;

1999-2014 жылдар "Қазақавтодор" РМК жүйесінде еңбек етті; Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында аймақтық филиалдарды басқарды, кәсіпорынның бас директорының орынбасары және бас директоры қызметін атқарды;

2014-2016 жылдары " Қазавтожол "ҰК "АҚ" Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры қызметін атқарды;

2016 -2019 жылдары - ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Зайсан ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.

Қоғамдық жұмысы:

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қамқоршылық кеңесінің мүшесі;

Қазақстан Республикасы Бильярд спорты Федерациясының ШҚ филиалының директоры .

Марапаттары:

- "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;

- "Құрметті жолшы" кеуде белгісі ;

- Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт агенттігінің "дене шынықтыру және спортты"дамытуға қосқан үлесі үшін кеуде белгісі;

-"Дзюдо тарланы"ордені;

- "Қазақавтодор РМК 10 жыл» медалі;

- ШҚМТУ-ӨҚЖИ 50 және 55-жылдығына орай медальдары;

- "Құлагер – даланың қанатты тұлпары» медалі.

Лауазымдық міндеттері

Мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда ауданның мүддесiн бiлдiредi.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулыларының нормаларының, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулыларының, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын қадағалайды. Тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгізеді.
Аудандық әкімдікті құрады және басшылық жасайды. Ауданның жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын әзірлетеді және орындалуын қамтамасыз етеді.
Заң шеңберінде кадр мәселесімен айналысады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды.
Аудандық мәслихаттың бекiтуiне әкiмшiлiк-аумақтық бөліністі басқарудың сұлбасын, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультациялық кеңесші органдардың дербес құрамын ұсынады.
Аудандық мәслихатқа «Ауданның құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді.

Мынадай лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады: жоғары тұрған мемлекеттік органдардың келісімі бойынша аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысын, қала, ауылдық округі әкімдерін, өзінің өкімімен аудан әкімі аппаратының бөлімдерінің меңгерушілерін, дербес бөлім басшыларын.
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдеріне Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді. Қала және ауылдық округі әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.

Аудандық прокуратурасымен, сотымен, ішкі істер бөлімімен және әділет басқармасымен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Зайсан ауданындағы бөлімшесімен, Зайсан ауданаралық қаржы полициясы басқармасымен, шекара қызметімен ұйымдастырушылық байланысты жүзеге асырады.
Үйлестiру Кеңестерiн өткiзуге жалпы басшылық жасайды.
Ауданда төтенше жағдайлар (су тасқыны, өрт, жер сiлкiнiсi) туындағанда шұғыл түрде шара қолдануға шешiм шығарады.
Бюджет комиссиясының жұмысына бақылау жасайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Ауданның әлеуметтік дамуына жалпы басшылық жасайды.

  Қабылдау телефоны: 8-723-40-21-301
  Факс: 8-723-40-21-796
  Е-mail: k.kantselyarie@akimvko.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 18.04.2019