Үржар ауданы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Зайнулдин Серік Зинабекұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 071700, Үржар а., Абылай хан даңғылы, 122

Телефоны: 8-72230-8 (722 30) 3-48-48

Сайты: www.urzhar.vko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: Үржар ауылында - әр айдың I, III аптасының бейсенбісі, сағ. 10.00-ден 13.00-ге дейін Мақаншы ауылында - әр айдың II аптасының бейсенбісі, сағ. 10.00-ден 13.00-ге дейін Таскескен ауылында - әр айдың IV аптасының бейсенбісі, сағ. 10.00-ден 13.00-ге дейін

Тарихи анықтама

Аудан тарихыҮржар ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында орналасқан, 1928 жылы ұйымдастырылған. Үржар ауданының орталығы Үржар ауылы (селосы) Тарбағатай тауының оңтүстік етегіне қоныс тепкен. Өскемен қаласынан 512 шақырым қашықтықта.

Ең жақын Аягөз темір жол станциясы 175 шақырым. Бұл елді мекен 19-шы ғасырдың елуінші жылдары қазақ (казачье) поселкесі ретінде пайда болған. Әрі бұл арада 1867-79 жылдар аралығында Қытайдың сауда өкілдігі жұмыс істеген. Үржар арқылы Ташкент және Семей керуен жолы өткен болатын. Сондай-ақ 1905-15 жылы қоныстандыру басқармасы орналасқан. Үржар аймағының тұрғындары Кеңес Үкіметінің құрылуына белсене қатысты.

Коммунистік партияның 1-ші аудандық комитеті 1922-ші жылы 1-ші ақпанда, 1-ші болыстық Кеңестер съезі 1922 жылы қазан айының 6-да ашылды.

Үржар ауданы Қазақстанның шығысындағы ең үлкен аудандардың біріне саналады. Осы өлкеде талай бір қиын да қилы кезеңдерде ерлігімен көзге түсіп, ел есінде қалған айтулы Әсет Найманбайұлына арналған бәйгетұлғалар көп деп айтуға болады.

Бұл арадан екі мыңдай жыл бұрын Ұлы Жібек жолы өткен әрі осы замандардан бері құрыштай берік дала халқы өсіп-жетілді. Бұл өлкеде баланы ерте жасынан ат ертоқымына отырғызып, оларды мықты отыруға үйретті, егер керек болса, қиын кезеңдерде өз жерін, анасы мен қарындастарын қорғауға Әсет Найманбайұлына арналған бәйге қалыптастырды.

Аудан тарихыТағдырдың ауыр замандарында, аймақтың би мен батырлары салиқалы шешімдер қабылдап, ақындары ел бірлігін қолдаған өлең - жырлар шығарып, халықтың рухын көтерген. Жарбұлақ елді мекенінде туып-өскен Қабанбай батыр - сардарды тарих мәңгі ұмытпайды.

Бүгіндері аса бір сүйіспеншілікпен "Әжелер"қазақ халқы оны «Дарабоз», «Хан батыры» - деп атайды. Тарбағатай алқабы, суықты да, аштықты да, соғыстыда, күштеуді де көп көрді.

Үржар өңірі табиғаттың анық бояуы деуге әбден болады, бір жағы жазиралы дала, енді бір жағы көкжиекке көлденең түсіп жатқан Тарбағатай асулары. Қыс алдымен тауда басталып, алғашқы қар құзарт белдерде жатады.

 

Аудан тарихыКөктем болса ең бірінші бауырындағы алқапқа келеді, ал шыңдар жаздың ыстығына дейін қармен демалады. Бұл жақтың адамдарыда еңбекқор және олжалы. Үржар станицасы 1854 жылы құрылған. Бұл арада бірінші болып Сібірден Шекарашылар күнiне арналған салтанатқоныс аударғандар, онан кейін Жетісу қазақтарының әскерлері тұрған еді. Кейінен Батыс Сібірдің шаруаларына бұл жаққа көшіп келуіне рұқсат берілді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша аудан - ең үлкен ауданның біріне жатады. 1999 жылғы санақ бойынша мұнда қазір 95350 адам тұрып жатыр. Қазір ауданда ауыл шаруашылығының жақсы жолға қойылуынан жергілікті экономиканың көтеріле бастағаны байқалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жоғары деңгейде дамып, дүкендерге жергілікті өндірістің тамақ өнімдері көптеп түсуде. Сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету, кәсіпкерлік кеңейе түсуде.

АУДАННЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРІ

Үржар ауданында негізінен қазақ, орыс, украин, татар, ұйғыр, дүнген және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Жергілікті халықтың саны -80 мың адам. Этникалық құрамы жағынан: қазақтар – 73,0 мың адам, орыстар –5,7 мың адам, басқа ұлттар – 0,9 мың адам. Жергілікті халық көп орналасқан елді мекендер қатарына: Мақаншы, Қабанбай, Таскескен, Науалы, ауылдары.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен елімізде кеден қызметі жолға қойылған. 1991 жылы Шығыс аймақтық кеденіне қарасты «Бақты» кеден бекеті құрылды.

2013 жылы Үржар өңірінің Лайбұлақ ауылының жанынан Қазақстан археологтарының қазба жұмыстарының нәтижесінде, Сақ тайпасының «Алтын сәукелелі сақ ханшайымы»  табылды.

Аудан экономикасының негізгі рөлін – агроөнеркәсіп алады, өйткені, маңызды орынды ауыл шаруашылығына береді. Осы кәсіптің шығарылатын өнімінің көлеміне байланысты, ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өте қарқынды дамуда. Ең бастысы, жергілікті халық өзін-өзі етпен, сүтпен, өсімдік майымен,жеміс-жидекпен, дәнді-дақылдармен, бау-бақша өнімдерімен, ұнмен тағы басқа өнімдермен толықтай қамтамасыз ете отырып, көршілес аудандарды да қамтамасыз етуге мүмкіндігі мол.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нақты секторы мен әлеуметтік саланың  жағымды даму динамикасымен мінезделеді, Алакөл көлі жағалауының рекреациялық аймағы және «Барлық-Арасан» санаториялық-емдік нысаны туристік әлеуетті құруға перспективалық өңір болып табылады.

Ауданның жер асты байлығы зерттелген – тас көмір мен мұнайға бай. Бұл - өмір сүрудің, өндірісті өркендетудің негізі. Қазіргі таңда, Қабанбай ауылдық округіне қарасты Жаланашкөл участогінде «Мадина» ЖШС-і  тас көмір өндірумен айналысуда. Ол тек отынмен, ауданымызды ғана емес, сондай-ақ, көрші Алматы облысын да қамтамасыз етуде.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен айналысатын өндірісі бір жүйеге қойылған, тәулігіне 3 тонна қуаттылығымен 50 астам өнім түрлерін шұжық өнімдерін өндірумен «Швабские колбаски» ЖШС және ұлттық сусын - қымыз өндірумен «Ақберлі» ЖШС кәсіпорындар бар.

Аудан тұрғындарына 533 дүкен, 41 дәріхана, 5 диірмен, 38 наубайхана, 1 ет комбинаты, 8 кондитер цехы, 2 қымыз өндіру цехы, 7 қонақ үй,  32 техникалық қызмет көрсету станциясы, 17 жанар-жағар май станциясы, 88 қоғамдық тамақтандыру орыны, 2 базар және 70 қызмет көрсету орындары қызмет көрсетеді.

Үржар ауданында 52 мектеп бар, оның 46 орта, 5 негізгі, 1 бастауыш мектеп, 1 колледж, 1 музыка, 1 спорт мектебі, 100 орынды мектеп жанындағы интернат, 1 балалар үйі, 150 орынды «Балалар шығармашылық үйі» жұмыс істейді. Аудан бойынша  31 балабақша жұмыс атқарып, онда 1465 бала тәрбиеленуде. Барлық білім ошақтары заман талабына сай компьютермен қамтылып, интернетке қосылған. Аудан тұрғындарына 2 медицина бірлестігі, 2 ауылдық аурухана, 18 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 5 бастапқы медициналық санитарлық көмек орталықтары, 8 медициналық, 22 фельдшерлік акушерлік пункттер және 1 туберкулезге қарсы аурухана қызмет көрсетеді.

 «Ақынның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Өмірдің өзі дәлелдеген ақиқат. Тарихы әріден басталатын біздің Үржар өңірінде де халықтың құрметіне, қошаметіне бөленген талай ізгі жақсылар өткен. Мәселен, күркіреп күндей өткен соғыс кездері.

Жалпы, аудан өміріндегі ең ауыр және жауапты болған кезең – Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Майданға Үржар аудандық әскери комиссариатынан – 7018 үржарлықтар аттанған. Олардың 1708 адам майданда қаза тауып, 2096 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Әскери ұшқыш В.А.Колесников және шекарашы Ф.Ф.Озимитель көрсеткен ерен ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

Үржар жері дарындылардан ешқашан кенде болмаған. Тек Үржар өңірінен бейбіт заманда атқарған ерен еңбектері үшін 18 адамға Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. Атап айтқанда : В.С.Старушкин – «Красный партизан» колхозының механизаторы, А.И.Орлов – Мақаншы ауылының МТС директоры, Б.Кенжалов – «Қарабұлақ» совхозының аға шопаны, И.И.Даниленко – «Арқалды» совхозының директоры, І.Жаксыбеков – «Қарақол» совхозының аға шопаны, Г.Д.Подорогин – «Фурманов» совхозының механизаторы, С.Қ.Талмурзин – «Арқалы» совхозының аға шопаны, А.И.Семушкина – «Красные горные орлы» - колхозының жүгері өсірушісі, С.И.Нестеренко -  «Красный партизан» колхозының механизаторы, Ф.М.Веха - «Красный партизан» колхозының механизаторы, Б.Әбжанов - «Қарақол» совхозының аға шопаны, Ү.Барлықбаев - «Красные горные орлы» - колхозының шопаны, Н.Е.Морозов – Үржар аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, Т.Жанасылов - «Овцевод» совхозының аға шопаны, Р.Төлеубеков – «Жарбұлақ» совхозының директоры, С.І.Жақсыбеков - «Қарақол» совхозының аға шопаны, Ғ.Б.Рахимов - «Көктал» совхозының аға шопаны, Қ.С.Саяқұпов - «Тасбұлақ» совхозының комбайнері.

«Ел ерді туғызса», ері елінің туған жерінің атын шығарады» демекші Үржар өңірінің спорт саласында да қол жеткізген жетістіктері аз емес. 2008 жылы жерлесіміз Мамбетов Әсет Бейжің олипиадасына қатысып, греко-рим күресінен қола жүлдегер атады. ХХХ-Лондон олипиадасына жерлестеріміз Үржар спорт мектебінің түлектері Алмат Кебісбаев, Дархан Баяхметов, Еркебұлан Қосаевтар қатысып, ел намысын қорғады. Палуанымыз Шалқар Жоламанов Ел Призиденті жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» атағын алу жолында 2012 жылы қола, 2013 жылы күміс жүлдегер атанды.

Аудан аумағында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, аудандық ардагерлер Кеңесі, Ауған соғысы ардагерлерінің «Айбын» қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» жастар қанаты, барлық ауылдық округтердегі ақсақалдар алқасы, әйелдер Кеңесі, жастар Кеңестері өз жұмыстарын іске асыруда. Сондай-ақ, 31 діни бірлестіктері (олардың 29 ислам мешіттері, 1 правословиелік, 1 христиан-пресвитериандық шіркеуі) өз кызметтерін іске асыруда.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасау қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуға тиіс»,- деп атап өтті.

Елбасының алға қойған міндеттерін үржарлықтар қызу қолдап, жүзеге асыруға бір кісідей жұмылуда. Қиындықты еңбекпен жеңу қажеттігін жақсы сезінеді. Әркім өз бақытының, болашағының бапкері болу керектігі санаға сіңірілуде. Үржар Қазақстанның оңтүстік - шығысындағы шуақты, шырақты аудан ретінде әрқашан көріне беретініне күмән жоқ.

Өркені өрге жайған өлкенің жұмысы егемен еліміздің жарқын болашағы үшін жалғасын тауып, ауданымыздың одан әрі көріктеніп көркейді, ел экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп болашаққа батыл қадам баса береді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 21.05.2015