Тарбағатай ауданы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 071500, с. Аксуат, Төлегетай баба көшесі, 1

Телефоны: 8723-46-2-11-00

Сайты: tarbagatay.vko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: Әр дүйсенбінің сағат 14-00- ден 18-00- ге дейін

E-mail: b.bekbaeva@akimvko.gov.kz

Тарбағатай ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан Шығыс-Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында Тарбағатай тау жоталары мен Зайсан шұңқырының аралығында орналасқан. Ауданаумағы 23,8 мың кв. км-ге тең, солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 км-ден артық созылып жатыр.

Аудан шығыста Зайсанмен, батыста Үржар мен Аягөз, солтүстікте Көкпекті және Жарма аудандарымен шекаралас. Ауданның оңтүстігінен ұзындығы 300 км болатын, ҚХР –мен мемлекеттік шекара өтеді.

Ауа-райы қатты-континентті, аздаған ылғалды және жылы болып келеді. Аудан аумағында өсімдіктер екі жерде өседі: тауда және ойпаң жерлерде. Тау өсімдіктері - сабақты, әртүрлі шөптер, дәнді өсімдіктер, ойпаң жер өсімдіктері- құрғақ жусандар.

Негізгі су көздері- Қандысу, Теріс-Айрық, Боғас өзендері. Ірі өзендері- Базар, Қарғыба, Тебіске, Ласты. Негізгі су айдындары-таулы және Зайсан су жүйесіне жатады.

Аудан аумағында көмір және сапалы бентонит пайдалы қазба кен орындары байқалған. Ауданның әкімшілік орталығы-Ақсуат селосы. Ақжар с. Және Тұғыл кенті – ірі елді мекендер. Ауданда барлығы 65 елді мекен бар. Ақсуат селосы мен облыстық орталықтың ара қашықтығы 350 км, Аягөз, Жанғыз төбе теміржол станцияларына дейін 220-350 км, Тұғыл кеме айлағына дейін 270 км. Аудандағы көліктің негізгі түрі- автомобиль.

2016 жылғы1қаңтарда аудан халқының жалпы саны 41,7 мың адамды, соның ішінде: әйелдер-21514. 16 жасқа дейінгі балалар - 12478, 16-29 дейн 16 339, 30-ден 57 жас 10 439, зейнет ақы алушылар саны 3 495 адамды құраған. 2016 жылғы 1 қаңтар бойынша аудан халқының этникалық құрамы 99 % -қазақтар, 1,0 % - басқа ұлттар. Шаруашылығы бар субъектілер саны-2 113, 65- ЖШС, 530-жеке кәсіпкерлер, 1393- шаруа қожалықтары. Сала бойынша: 12- өнеркәсіп, 1 409- агро өнеркәсіп, 2- қайта өңдеуші, 525- сауда-саттық.

Тарихжәнесәулетескерткіштері:

Б.э.д VII-VIII Қалба тау жотасы,Түрік қағандығы Балбал Кіндікті мүсіні, б.э.д VII-VIII Кіндікті мүсіні сынтасы. 
Б.э.д Еспе өзені жағасы және Өрнектау тасындағы Таңбалы тас суреті. XIX ғ. Ескерткіштері Ойшілік с. Сасанби мазары,ТанаМырза мазары және XIX ғ. Қожагелді с. Қожагелді батыр мазары.
XX ғ. Ерназар с. Ырғызбай әулие мазары, XIX ғ.Уан Төре елді мекеніндегі УанТөре мазары. XIX ғ. 
Қызыл кесік с. Шәкіби мазары.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 24.03.2017