Шемонаиха ауданы

Лауазымы: Әkiм

Акулов Григорий Иосифұлы

Акулов Григорий Иосифұлы 1966 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданының Медведка ауылында дүниеге келген, белорус, жоғары білімді, 1991 жылы «Мал дәрігері» мамандығы бойынша Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірген. Институтты бітірген соң Шемонаиха ауданында «Белокаменский» совхозында аға, содан кейін бас мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1996 жылдың қазанында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің (басқармасы) бастығы болып тағайындалды. 1998 жылдың қаңтарында Шемонаиха ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына, 2002 жылдың ақпанында Шемонаиха ауданының әкімі болып тағайындалды. 2008 жылдың наурызынан бастап – «Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бастығы. 2010 жылдың  сәуірінен – 2011 жылдың мамырына дейін - Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары. 2011 жылғы мамыр айынан 2018 жылғы желтоқсан айына дейін Бородулиха ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды. 2019 жылдың 08 қантарда облыс әкімі Д.К. Ахметовтың өкімімен Шемонаиха ауданының әкімі болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес өкілеттікті жүзеге асыру. Ауданның атқарушы органдары қызметіне басшылық. Ауданның экономикасын реформалау, қызмет аясы және дамуы бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен әкімдігінің нормативтік актілерін орындау жөніндегі келешектік және ағымдық міндеттерін шешу. Аудан бюджетін әзірлеуге басшылықты жүзеге асыру мәселесі және оның орындалуын бақылау. Еңбекақы, ақша айналысы және несие беру, келешектік болжамдау, өндірістік күштерді, материалдық-техникалық, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері. Ішкі қауіпсіздік пен қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті, атқарушылық тәртіпті, сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күресті нығайту мәселелерін шешуде прокуратурамен, сотпен, ішкі істер бөлімімен, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, қаржы полициясымен қарым-қатынас және келісілген жұмысты қамтамасыз ету. Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Аудандық Азаматтық қорғаныс штабының бастығы.

  Қабылдау телефоны: 3-23-00
  Е-mail: Sh.kense@akimvko.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 10.01.2019