Шемонаиха ауданы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Тоқтаров Амангелді Жәмелұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 071800, Шемонаиха қ., Советский к., 59

Телефоны: 8-723-32-3-23-00

Сайты: shemonaiha.vko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: айдың әрбір бірінші дүйсенбісі сағат 10-00

Шемонаиха аудан

Шемонаиха ауданы 1928 жылы құрылған, Шығыс Қазақстан облысының солтүстiгiнде орналасқан. Глубокий және Бородулиха аудандарымен және Ресейдiң Алтай өлкесiмен шектеседi.

Ауданның аумағы 4 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ауданда қырық бес  мың алты жүз он алты адам тұрады, бiр шаршы метрге халықтың тығыздығы – 11,3 адам. Әкiмшiлiк орталығы  Шемонаиха қаласы болып табылады, онда он сегіз мыңнан астам адам тұрады.  Елдi мекендер келесiдей: бiр қала, екi кент, 32 ауыл. Ауданда   11 әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк, оның iшiнде 8 ауылдық округ, 2 кенттiк және 1 қалалық округ. Жыл басына аудан халқының ұлттық құрамы келесi арақатынаста: қазақтар – 15,0%, орыстар – 79,2 %, басқа ұлттар – 5,8 %.

Ауданда минералды-шикiзат қоры бар, атап айтқанда құрамында мыс, мырыш, алтын, қорғасын бар полиметалдық кендер. Ауданның базалық салалары – тау кен өндiру саласы және ауыл шаруашылығы. Саланың негізгі өнеркәсіптік кәсіпорыны «Шығыстүстімет»  ЖШС Артемьев өндірістік кешені. 2016 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ауданның өнеркәсіп өнімі 15 млрд. 614  млн.теңгені құрады, оның ішінде тау кен өнеркәсібі 11 млрд. 551 млн.теңге, өңдеу өнеркәсібі 3 млрд. 265 млн.теңге. Өңдеу өнеркәсібі нан-тоқаш, сүт және ет өнімдері, күнбағыс майы, тоқыма өнімдері және  мырышпен қапталған болаттан жасалған өнімдер өндіретін кәсіпорындармен сипатталады.

Ауданның агроөнеркәсіптік кешенi 326 ауылшаруашылық құрылымдарынан тұрады, оның ішінде 280 шаруа қожалығы, 44 жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк,1 коммандиттік серіктестік, 1 өндірістік  кооператив бар. Ауданда  230,4 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері бар, оның ішінде     140,5  мың гектар егістік жер, 65,4 мың гектар жайылым және 17,7 мың гектар табиғи шабындық бар.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 103,1 мың тонна дәнді дақылдар, 52,05 мың тонна күнбағыс өндірілді. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 12,5 ц/га, күнбағыс – 14,4 ц/га құрады.. Ағымдағы жылдың 4 айында ауданда 11,7 мың тонна сүт, 1,4 мың тонна ет, 1,9  млн.дана жұмыртқа өндiрiлдi.

Аудандағы негiзгi көлiк түрi автомобиль болып табылады. Аудан аумағы арқылы негiзгi темiр жол торабы өтедi: Защита - Локоть. Темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау облысаралық және  халықаралық бағытта жүзеге асырылады: Астана-Лениногорск – Астана және Томск – Лениногорск-Томск. Ауданда қалааралық, халықаралық және ұялы телефон байланысы бар.  Ауданда 23 жалпы бiлiм беретін мектеп, 9 балабақша, 2 колледж бар. Ауданның емдеу-алдын алу мекемелерi 39 бірлік, оның iшiнде 3 аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 18 медициналық пункт, жедел жәрдем бөлімшесі, 6 стоматология кабинеттерi, шипажай, мүгедектер үйі, балалар туберкулез шипажайы бар.

Мәдени мекемелердiң желісі  келесi тұрпатта ұсынылған : 1 тарихи - өлкетану мұражайы, 10 мәдениет үйi, 5  клуб, 18  кiтапхана, 3 стадион, 2 спорт кешенi. Бiздiң ауданда тұратын әр ұлтты халықтың мәдениетiн және салт дәстүрiн тереңдете зерделеу мақсатында аудандық Достық Үйi жұмыс iстейдi, оның базасында 9 этномәдени бірлестіктері құрылған.

Шемонаиха ауданның көрнектi адамдары

Гребенщиков Георгий Дмитриевич (1882 - 1964 жж.) - жазушы.
АҚШ Оксфорд университетiнiң философия докторы, белгiлi қоғам қайраткерi. Николаев кенi ауылында (қазiргi Шемонаиха ауданы) дүниеге келген. ХХ ғасырдың басында Ресейдiң саңлақ беллетристиктерiнiң қатарында саналған. В.Шишков, М.Горький, И.Бунин, Н.Рерихтермен достық қарым-қатынаста болған. 1920 жылы Америкаға қоныс аударған, өмiрiнiң соңына дейiн осы жерде тұрған. 1933 жылы Нобелев сыйлығына ұсынылған, бiрақ-та И.Буниннiң пайдасы үшiн одан бас тартқан. Оның шығармаларының iшiнде "Чураевы", "Гонец", "Письма с Помперага", "Моя сибирь", "Егоркина жизнь" және тағы басқалары бар.

Иванов Анатолий Степанович (1928 - 1999 жж.) - жазушы.
Шемонаиха ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1950 ж. Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiрген. Журналист мамандығын алғаннан кейiн "Прииртышская правда" газетiнде, "Сибирские огни" газетi редакторының орынбасары болып жұмыс iстеген. 1972 ж. - "Молодая гвардия" журналының редакторы. Жазушы ретiнде атақты "Алкины песни" шығармасы алып келдi, кейiнiрек "Вечный зов", "Тени исчезают в полдень", "Повитель" романдары жарық көрдi. "Вечный зов" фильмiнiң сценариi үшiн А.Ивановқа "Социалистiк еңбек ерi" атағы, СССР мемлекеттiк сыйлығы берiлдi.

Попов Александр Гаврилович - суретшi.
1926 жылы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келдi. 1935 жылы отбасымен Алматыға көшiп барды. 1946-1951 жж. Гоголь атындағы көркемсурет училищесiнде оқыды. Суретшi орындаушы және сурет салу мен сызу оқытушысы мамандығын алды. Жұмыс жолын 1951 жылдан Шемонаиха ауылының № 1 орта мектебiнде сурет салу мен сызу пәнiнiң мұғалiмi болып бастады. Оқытушылық қызметке 24 жылын арнады. 10 жыл ағымында балалардың бейнелеу студиясын басқарды. Аудан, облыс, республика деңгейiнде бiрнеше рет көрмелерге қатысты. 2001 жылы Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында А.Г.Поповтың соңғы жеке көрмесi болып өттi.

Морозов Борис Филиппович - суретшi.
1944 жылы Песчанка ауылында дүниеге келдi. Москва қаласы Н.Крупская атындағы халықтық Бүкiлодақтық өнер университетiнiң түлегi, сурет және бейнелеу өнерi факультетiнде оқыған. 1969 жылы Қазақстан Республикасы суретшiлер Одағының мүшесi атағына ие болды. Облыстық, республикалық және бiр халықаралық Германия, Чехословакия, Венгрия, Болгарияда экспонатталған көрменiң қатысушысы. 30 жылдан астам уақытта балалардың "Ласточка" бейнелеу өнерi студиясын басқарады. Шығыс гуманитарлық колледжi филиалында оқытушы. "Бейнелеу өнерi" номинациясында мәдениетке қосқан үлесi үшiн Шығыс Қазақстан облысы әкiмi сыйлығының 2005 жылғы жүлдегерi.

Голиненко Валентин Григорьевич - ақын.
1954 жылы Қырғызстанда Қара-Балта қаласында дүниеге келдi. 1962 жылы отбасымен Шемонаиха ауданы Первомай кентiне көшiп келедi. Әскери мiндетiн Потстдамда советтер әскерi тобында өтедi. 1975-1977 жж. Томск политтехникалық институтында оқыды. 1986 ж. М.Горький атындағы әдеби институтын бiтiрiп, "Әдеби жұмысшы" мамандығын алды. Бүкiлодақтық жас ақындардың 8 және 9 кеңестерiнiң өкiлi. өлеңдерi аудандық, облыстық, республикалық, бүкiлодақтық басылымдарда ("Простор", "Сибирские огни", "Ленинская смена", "Октябрь", "Истоки", "Моладая гвардия", "Студенческий меридиан") жарияланды. Первомай кентiнде тұрады.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 02.06.2016