Күршім ауданы

Лауазымы: Әкiм

Қажанов Дулат Зайсанбекұлы

1984 жылдың 15 маусымында  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

Білімі жоғары.  2007 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік менеджмент және жергілікті басқару" мамандығы, 2011 жылы "Экономика" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2007-2009  жылдары  - Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаментінің  кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бөлімінің жетекші маманы.  

2009-2010  жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің агроөнеркәсіп және өндіріс кешенін талдау секторының бас маманы.

2010-2013 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.

2013-2018  жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары.  

2018  жылдың 13 қыркүйегінен бастап,  Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі.

Лауазымдық міндеттері

Аудан Әкімі аппаратына тікелей басшылық етеді, аудан мекемелерінің, комитеттердің, департаменттердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың және ауылдық округ әкімдерінің ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуында атқаратын жұмыстарын үйлестіреді. Аудан бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, аудандық әскери комиссариаттың, ішкі істер бөлімінің, аудандық қаржы бөлімінің, әділет бөлімінің, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі мәселелерін қарастырады. 
Аудан бюджетінің орындалуы және қаржының пайдаланылуы сұрақтарын шешеді. Бөлім басшыларын, аудан Әкімі қызметкерлерін, ауылдық округ әкімдерін тағайындау және қызметтен босату, облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аудан органдарының басшыларының кандидатурасын келіседі. Құқық қорғау органдарының қызметін қадағалайды.

  Қабылдау телефоны: 2-18-00
  Факс: 2-14-00

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 24.09.2018