Күршім ауданы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Чукаев Сейсенғазы Жұмағалиұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 071200, Күршім а., Ибежанова к, 23

Телефоны: 8-72339-2-18-00

Сайты: kurchum.vko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: Әр сәрсенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін.

 

Тарихи анықтама

Күршім ауданы 1927 жылы құрылған. 1997 жылдан бастап бұрынғы Марқакөл және Күршім аудандарын біріктіреді. Әкімшілік орталығы Күршім ауылы облыс орталығынан 220км қашықтықта орналасқан. Күршім ауылында 2005 жылдың 1-қаңтарына 11,6 мың адам немесе аудан халқының 29,8 пайызы тұрады. Ауданның аумағы 23,2 шаршы километрге тең. Ауданның әкімшілік-территориялық құрылымы 12 ауылдық округ немесе 61 ауылдық елді мекеннен тұрады. Аудан халқы 40,2 адамды құрайды, тығыздығы – 1 шаршы километрге 1,7 адамнан келеді. Аудан Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Катон-Қарағай аудандарымен және Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Климаты шұғыл континентті. Қыста аяз 0-ден төмен 50 градусқа дейін жетсе, ал жазда термометр бағанасы, керісінше, 50 градусқа дейін көтеріледі. Тамылжыған табиғат аң мен құстың, дәрілік шөптер мен ағаш түрлерінің мәңгілік ордасындай. Азу таудан әрі асып, Мәрмәр таудан қиялай өтсеңіз көз жасындай мөлдіреп атақты Марқакөл жатыр.

Аудан су қорлары мен 1588,6 мың гектарды алып жатқан жер алқаптарына бай, оның ішінде 29,4 мың гектары егістік жерлер. Аудан халқының негізгі бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеумен айналысады. Ауданда алып орман массивтері бар. Күршімнің тау сілемдері мен «Күршім» өзенінің бассейні мен тармақтары ертеден тек табиғи сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар, полиметалл қазба байлықтарымен белгілі.

Ауданда орта және шағын бизнес қарқын алуда, шаруа қожалықтары дамып, өнім дайындау және өңдеу кәсіпорындары көбеюде. Бұл үлкен дәрежеде ауданның ұнға, макарон өнімдеріне, күнбағыс майына, балыққа және құрама жемге сұранысын қанағаттандырады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен авто- және жүк тасымалдау қамтамасыз етіледі. 2015 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2065, оның ішінде: заңды тұлғалардың саны-48, патентпен жұмыс істейтін кәсіпкерлік саны-543, жалпы режим бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар - 129, шаруашылық қожалықтары-976 және жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар саны -386 адамды құрады. Ауданда 258 дүкендер мен дүнгіршектер (оның ішінде 169 азық түлік дүкені), 17 қоғамдық тамақтану орындары, 2 сауда базары және 2 сауда үйі, 25 наубайхана, 13 жанар-жағар май құю станциясы және 32 кішігірім  өңдеу цехтары жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлік субектілері халықтың өндірістік және азық-түлік тауарларына сұранысын толығымен қанағаттандырады.

Аудан бойынша 1 аудандық аурухана, 1 ауылдық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 34 медининалық пункт және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет атқарады. 1 аудандық мәдениет үйі , 1 ауылдық мәдениет үйі, 26 клуб, 22 кітапхана және 1 тарихи-өлкетану мұражайы бар. 145 спорт алаңдары және 32 спорт залдары, 9 хоккей қорапшасы, 2 стадион, 4 кіші футбол алаңы  жұмыс істейді. Күршімдіктер тек асыл қазыналы жерін, сұлу табиғатын мақтан тұтпайды. Сонымен қатар, олардың негізгі мақтанышы – осы аймақтан шыққан, әйгілі азаматтар. Олардың ішінде – қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш Ж..Малдыбаев, қазіргі Парламент Мәжілісінің депутаты Т.Нұрахметов, халықаралық турнирлардың жеңімпазы, спорт мастері, еңбек сіңірген жаттықтырушы С.Қыдырханов, талантты педогог, халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 03.06.2015