Катонқарағай ауданы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Ахметқали Ахашұлы Нұрғожин

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070900, Үлкен Нарын а., Аблайхан к, 102

Телефоны: 8-72341-2-11-41

Сайты: katon-karagay.vko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: Үлкен Нарын ауылы: сәрсенбі күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Катонқарағай ауылы: әр айдың екінші аптасы мен төртінші аптасының бейсенбі күндері сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін.

АУДАН ТУРАЛЫ

Катонқарағай ауданы 1928 жылы 1 тамызда құрылған, бір жылдан кейін 1929 жылы 20 қыркүйекте Шыңғыстау ауданы Катонқарағай ауданының құрамына енді. 1932 жылы Катонқарағай ауданы Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. 1935 жылы Катонқарағай және Зырян аудандарының құрамынан Большенарым және Бұхтарма аудандары бөлініп шықты. 1954 жылы аудан көлемі Алтай өлкесі Таулы-Алтай автономдық облысы Усть-Коксинский ауданы «Жоғарыкатон» совхозының қосылуы есебінен кеңейді.
1963 жылғы 1 қаңтарда Катонқарағай ауданы Большенарым ауданымен біріктіріліп, аудан орталығы болып Большенарым селосы анықталды. 1970 жылы 4 желтоқсанда Катонқарағай ауданы орталығы Катонқарағай селосы болып қайтадан құрылды. 1997 жылы 23 наурызда Большенарым ауданы жойылып, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Большенарым селосына көшірілді. Аудан облыс аумағының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан солтүстік және солтүстік-шығыста Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен, оңтүстік-шығыста Қытай Халық Республикасымен, оңтүстікте Күршім ауданымен, солтүстікте-Зырян ауданымен шекаралас, ал батыста Бұхтарма бөгенінің суымен шектесіп жатыр. Әкімшілік орталығы болып, облыстың орталығы Өскемен қаласынан 263 км қашықтықта орналасқан Большенарым селосы табылады. Облыс орталығы мен ауданның көлік байланысы Өскемен қ. – Зырян -Большенарым автомобиль жолдарымен жүзеге асады. 2002 ж. 1 қаңтардағы Шығыс-Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес, аудан 54 елді мекеннен, 44226 тұрғыны бар 13 ауылдық округтан тұрады.
Катонқарағай ауданы агроклиматтық жағдайы бойынша таулы және қатты-континенттік ауа-райлы альпілік аймақта орналасқан, қатты ұзаққа созылатын қысымен, ыстық және баяу өтетін жазы мен күзі арқылы сипатталады. Аудан аумағы анық төрт климаттық аймаққа бөлінеді:

Биік таулы және таулы-орманды аймақтың ауа-райы өте ылғалды, қоңырсалқын суық, кей жерлерде өте суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жылда 550-560 мм ылғал түседі. Шілделік ылғалдың ызғары әсіресе анық сезіледі. Желдің орташа айлық жылдамдығы бір жыл ішінде 1,7 м/сек құрайды. Қатты желді күндер саны жылына 7 күнді, ал шаңды боран -10 күнді құрайды.
Өсімдік жамылғысы өз таралымында, ауа райы мен жер жамылғысы тәрізді вертикалды аймаққа бағынады. Биік таулы тундралық аймақтарда жасыл қыналар, тал-шілік, бұталар басым. Биік таулы шалғынды аймақ дәнді өсімдіктер, сан алуан шөп түрлерінің басымдығымен ерекшеленеді. Альпі белдеуінде өсетін өсімдіктер жерге жақын, аймақта тақыр жерлер көбірек, ал субальпілік белдеуде өсетін өсімдіктер неғұрлым жиірек және биік болып өседі. Биік таулы альпі шалғындары Оңтүстік Алтай мен бір бөлігі орталыққа кіретін, атмосферасы ылғалмен жақсы ылғалданатын аймақтарда орналасқан. Таулы-тайга және шалғынды - тайга аймақтары өсімдік жамылғысында қою қылқан жапырақты және ашық қылқан жапырақты тайга ормандарының басымдығымен ерекшеленеді. Орман арасындағы ашық жерлерде жылы және құрғақ ауа райына өсіп үйренген шөптер және қыналы шөптер, әр түрлі дәнді өсімдіктер, шөптер, бұталар және сирек орман таралған. Таулы тайга ормандарында шөптің орташа биіктігі 120-150 см болса, қалыңдығы 80 100 % құрайды. Ірі шөптердің үлесі басым болғандықтан, шөптердің азықтық құндылығы төмен, мал жөнді жемейді және улы деуге де болады. Таулы және орманды-шалғын-дала аймағы тайга ормандарынан қырға ауысады.

Ол өсімдік жамылғысында ормандар, орман шалғындары, дала шалғындары мен шалғындық-дала бұталық -шөп тоғайлары өседі. Бұл аймақтағы ормандар ұсақ жапырақты, көк теректі және ақ қайыңды болып келеді. Оңтүстікте, батыста, аздап шығыста, әсіресе тік тау баурайларында –шалғындар, шалғынды далалар, тал шілік тоғайлары секілді ашық ландшафтылар салтанат құрған. Орманды далалы және орманды-шалғын-дала (Нарым және Бұхтарма өзендері бассейні) белдеуінің төменгі бөлігінде негізінен қайыңды-бал қарағайлы және бұталы-шөпті ормандар орын алған. Ашық алаңқайларда және орман алаңдарында бұрынғыдай сансыз көп орман бұталары ( кәдімгі мойыл, орта таволга, тікенді және қылқанды итмұрын, татар бөріжидегі және т.б.) және әр түрлі орманды шалғын шөптері өседі. Аумақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде шөпті –бұталы- қарағайлы ормандар таралған, онда қарағайлы орманның бір бөлігі аралас, кей жерлерде тұтас шөпті-бұталы тоғайлар. Таулы және далалы аймақтардың өсімдік жамылғысын дала дәнді өсімдіктері, даланың әр түрлі шөптері құрайды. Большенарымның тау арасындағы алқабында, оның шығыс (жоғары) бөлігінде әр түрлі шөпті- бетегелі, ал батыста (төмен) – бетегелі құрғақ далалар жатыр.
Аудан аумағының топырақ жамылғысы әр түрлі және негізінен жердің бет-бедеріне тәуелді. Тау жамылғылары 30 %-ға дейін тамырлы жыныстар арқылы шыққан таулы-тундралы, 50 %-ке дейін альпілік және субальпілік таулы- орманды, 30 %-ға дейін кәдімгі таулы қара топырақты болып келеді. Бұл жамылғылар жоғары таулы рельефі жағдайында 2500-2800 м-ден жоғары биіктікте қалыптасқан. Тау жамылғылары жазғы отардағы жайылым ретінде, мал күтуге қысқа мерзімге пайдаланылады.


Ауданның гидрографикалық желісі сансыз көлдер, өзендер, бұлақтардан тұрады. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұхтарма өзені - ең ірі су ағымы болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарым өзені – екінші ірі су ағымы. Көптеген бұлақтар басын таудан алып, үлкен жылдамдықпен ағысы 1-2 м/сек ағады. Дария тау мінезді. Судың сапасы жақсы, тұрмыста және ауыл шаруашылығында қолдануға жарамды.
Жер асты суларының қуаттылығы 60-80 м-ден аспайды. Судың тереңдігі 80 см-ге дейін болады. Жер асты сулары алқаптарда бастау түрінде кездеседі. Тау жағдайында жер асты сулары 30-60 м тереңдікте жатады. Тау арасындағы ойпаттарда, аңғарларда жер асты сулары 0-6 м тереңдікте кездесіп қалады. Ауыл шаруашылығы мақсатына жерлерді бөлу, бұрынғы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының кадастр шекараларында, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге әсер ететін, табиғат факторлары кешені бойынша аудан аумағын салыстырмалы бағалау негізінде жүргізілді, атап айтқанда:

Аумақтың қолайлылық деңгейіне оңды ықпал ететін факторлар:

Кері ықпал ететін факторлар :

Жайылымдар көбінесе тасты аймақтарда, таудың биік құламасында орналасқан. Жайылымдық жерлердің ортақ ауданы 108,0 мың гек.-16 %, 200-245,6 -ға дейін -36,8 %, 200-313,4 -тен жоғары 47 %-ды құрайды. Аудан аумағының ауданы облыстың ортақ ауданының 4,7 %-ын құрайды. Ауыл шаруашылығында жайылым жерлер 81%, егістік жерлер 11% орын алады. Аудан аумағы 13167 кв. км (1319075 га). Аудан тұрғындарының саны 01.01.05 жылы 41000 адамды құрады, басым бөлігі- қазақтар (87 %), орыстар, татарлар, немістер және басқа ұлт өкілдері.
Аудан – ауыл шаруашылықты. Ауданда мың екі жүзден астам шаруашылықпен айналысатын субъектілер бар. Олар егін және мал шаруашылығымен айналысады. Егістік ауданы 60818, 5 га жер, соның ішінде: 23613 га- дәнді дақылдар. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндіру 2004 жылы-134 млн 366 мың тенгені құраса, өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі- 2 млрд 768, 6 млн. тенгені құрады. Марал және ара шаруашылығы дамуда. Барлық шаруашылық категорияларында мал басы саны өсуде. Аудан аумағында «Большенарымдық лесхоз» Катонқарағайлық ГНПП жұмыс істейді.

Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін:

Жұмыс істейді:

Өз заманында ауданда Шыңғыстау болысының болысы Әбдікерім Ережепов тұрып, қызмет атқарған. Дамыған көзқарас адамы 20 ғасырдың басында ақ, Шыңғыстаулық екі сыныпты қазақ-орыс мектебінің негізін қалады. Көптеген танымал катонқарағайлықтар, өз кезеңінде осы мектепте дәріс алған. Солардың арасында, қолбасшы генерал-лейтенант И.Д. Копылов, Ленин орденінің иегері, танымал ұстаз-ағартушы С. Түкебаев, СССР Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев, Социалистік еңбек ері Б. Кітапбаев және тағы басқалар. Аудан өз жерлестері, Совет Одағының Батырларын мақтан тұтады: И.В. Топорков, А.Г. Огнев, В.Р. Спиридов, В.Ф. Величко, В.А. Шулятиков, Т.М. Клименко, үшінші дәрежелі Даңқ орденінің иегері А. Құсметов. Социалистік еңбек ерлері С.К. Слабодчиков, А.Е. Сычук қоғамдық өмірге ат салысуда.


Ең үздік 12 катонқарағайлықтарға «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» деген жоғары атақ берілді. Олар: О. Бөкей, К. Искаков, Б. Кітапбаев, К. Кулженов, К. Баекин, А.Е. Сычук, С.К. Слабодчиков, Н. Кубинов, Ф. Тумарбаев, К. Базарбаев, Е. Ретивых және басқалар. Жерлес-жазушылар: О. Бөкей атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары К. Искаков, Д. Ашимханов, А. Асқаров, танымал журналистер – К. Назырбаев, Ермұхан Абдрахманов, М. Алипинова өз заманында аудандық және облыстық газеттерде еңбек еткен. Көптеген Катонқарағайдан шыққан -ғалымдар еліміздің әр түрлі ЖОО-да еңбек етуде.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 12.01.2016